Ақпараттық және телекоммуникациялық технологиялар институтының басшылығы мен студенттерінің Сингапурдағы Иллинойс ғылыми-зерттеу орталығының профессоры – Али Асгар Мирарефимен кездесуі

    Халықаралық ынтымақтастық және академиялық ұтқырлық департаментінің ұйымдастыруымен 2016 жылдың 7 сәуірінде Сингапурдағы Иллинойс ғылыми-зерттеу орталығының аға үйлестірушісі, профессор - Али Асгар Мирарефимен Ақпараттық және телекоммуникациялық технологиялар институтының директоры Бахытжан Ахметов және Жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру халықаралық институтының «Excellence PolyTech» директоры Дәулет Серібаймен кездесу ұйымдастырылған болатын. Аталған кездесуде сонымен қатар, институттың профессорлық құрамы мен студенттері де қатысты. Кездесуде басты мәселе - ІТ бағыты бойынша шәкіртақы алу бағдарламалары қарастырылды.
    Кездесу барысында Мирарефи мырза Сингапур және Алдыңғы қатарлы сандық ғылыми-зерттеу Орталық пен A*STAR – Ғылым, технология мен зерттеу агенттігінің қалыптасу кезеңдері мен шет ел студенттеріне берілетін гранттық бағдарламалар жайлы егжей-тегжейлі айтып берді.
    Мирарефи мырзаның ұсынған презентациясындағы бакалавр, магистратура және Phd докторларға арналған гранттық бағдарламалар студенттер арасында өте үлкен қызығушылық туғызды, айта кетсек келесідей бағдарламалар:
    - SINGA магистратураны бітірушілерге арналған, докторантура бағдарламасы бойынша 4 жылдық оқу бағдарламасын қарастырады, айлық шәкіртақы мен бір реттік жол ақысынан құралады;
    - ARAP – қазіргі таңда магистратура және докторантура бағдарламалары бойынша оқитын студенттерге арналған, айлық шәкіртақы мен бір реттік жол ақысынан құралады;
    - SIPGA – бакалавр мен магистратураны бітіруші студенттерге 2 айдан 6 айға дейін тағылымдамадан өтуге мүмкіндік беретін бағдарлама, шәкіртақы қарастырылған.
    Кездесу қорытындысы бойынша ҚазҰТЗУ студенттерінің Сингапурдың жетекші университеттерінде, атап айтқанда, Сингапур Ұлттық Техникалық Университетінде, Сингапур Ұлттық Университетінде, Сингапур технология мен дизайн Университетінде және Алдыңғы қатарлы санды ғылыми-зерттеу орталығына оқуға түсуге онлайн тіркеуден өту мүмкіндіктері айтылды.

ХЫД

Болашақ