Студенттердің ғылыми-зерттеу жұмыстарының Республикалық сайысының ІІ кезеңінің қорытындысы

     Қ.И.Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық зерттеу университетінде 2016 жылдың 10 наурызы мен 10 сәуір аралығында студенттердің үздік ғылыми-зерттеу жұмыстарының Республикалық сайысының ІІ кезеңі өткізілді.
     Сайыс 13 базалық мамандықтар бойынша өткізілді:
     1. Геология және пайдалы қазбалар кен орындарын барлау;
     2. Мұнайгаз ісі;
     3. Геодезия және картография;
     4. Пайдалы қазбаларды байыту;
     5. Материалтану және жаңа материалдар технологиясы;
     6. Полиграфия;
     7. Автоматтау және басқару;
     8. Ақпараттық жүйелер;
     9. Есептеу техникасы және программалық қамсыздандыру;
     10.Техникалық физика;
     11.Ғарыштық техника және технология;
     12.Ақпараттық қауіпсіздік жүйелері;
     13.Бағалау.
     Сайыстың II-кезеңінде Қазақстанның 29 жоғары оқу орнынан 210 жұмыс қатысты:
     Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университеті, Алматы технологиялық университеті, Алматы энергетика және байланыс университеті, Халықаралық білім беру корпорациясы, Дәулет Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік техникалық университеті, Сәрсен Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік университеті, Семей қаласының Шәкәрім атындағы Мемлекеттік университеті, Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті, І. Жансүгіров атындағы Жетісу мемлекеттік университеті, Махамбет Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университеті, Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университеті, әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, Қазақ технология және бизнес университеті, Қ.И. Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық зерттеу университеті, М.Тынышпаев атындағы Қазақ көлік және коммуникациялар академиясы, Қазақстан-Британ Техникалық Университеті, Қарағанды мемлекеттік индустриялық университеті, Қарағанды мемлекеттік техникалық университеті, Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университеті, А.Байтұрынов атындағы Қостанай мемлекеттік университеті, Академик Зұлқарнай Алдамжар атындағы Қостанай әлеуметтік-техникалық университеті, Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университеті, Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті, Халықаралық ақпараттық технологиялар университеті, Рудный индустриялық институты, М.Х. Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университеті, "Мирас"Университеті, "Тұран" Университеті, М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университеті

Студенттердің ғылыми-зерттеу жұмыстарының Республикалық сайысының ІІ кезеңінің нәтижелері

ҒжИД

Болашақ