Дәстүрге айналған қайырымдылық іс-шара аясында № 1 облыстық балалар үйінде

    «20 Сәуір 2016 жылы Ә.Бүркітбаев атындағы Өнеркәсіптік инженерия институтының «Білдек жасау, материалтану және машинажасау өндірісінің технологиясы» кафедрасының меңгерушісі Сейткулов А.Р., және оқытушылар Сушкова О.А. мен Алшынова А.М. дәстүрге айналған қайырымдылық іс-шара аясында № 1 облыстық балалар үйіне барды. Кафедра жинаған қаражатымен Неміс театры кішкентай көрермендерге арналған ерекше «Маймылдар космоста» атты қызықты ертегісіне шақырылды. Қызықты және танымды көңілді маймылдар жайлы шоу, балаларға қуаныш пен жағымды эмоциялар әкелді. Мейрам балаларға тәтті-дәмділер мен сыйлықтар ұсынумен аяқталды.

ӨИИ, СМ және ТМП кафедрасы

Болашақ