Қ.И. Сәтбаев атындағы ҚазҰТЗУ-да Сызба геометрия бойынша өткен Республикалық пәндік Олимпиада қорытындысы

    Ә. Бүркітбаев атындағы өнеркәсіптік инженерия институтының «Сызба геометрия және инженерлік графика» кафедрасында «Сызба геометрия» пәні бойынша Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған Республикалық пәндік Олимпиада өткізілді.
    Олимпиадаға Алматы және Астана қалаларының жоғары оқу орындарының командалары қатысты. Соның ішінде Қ.И.Сәтбаев атындағы ҚазҰТЗУ-нің; С. Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университетінін (Астана қ.); Халықаралық ақпараттық технологиялар университетінің (ХАТУ); М.Тынышпаев атындағы көлік және коммуникациялар академиясының (ККА); Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің (ҚҰУ.); Қазақ ұлттық аграрлық университетінің (ҚҰАУ.) командалары қатысты. Олимпиадаға барлығы 40 студент қатысты.
    1 командалық орын – Қ.И.Сәтбаев атындағы ҚазҰТЗУ, Ә.Бүркітбаев атындағы өнеркәсіптік инженерия институтының студенттері Мадина Әкімбекова және Ақмарал Онғарова, 5В07100-15-1к (команда жетекшісі профессор Жанұзақ Есмұхан).
    2 командалық орын – С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университеті, Айғаным Қайыржанова және Зарина Саржанова(команда жетекшісі аға оқытушы, т.ғ.к. Алижан Алмас).
    2 командалық орын – Қазақ үлттық аграрлық университеті, Бибігүл Дүйсетай және Жасұлан Шерниязов (команда жетекшісі доцент Өмірбай Ибишев).
    3 командалық орын – Халықаралық ақпараттық технологиялар университеті, Данияр Асқаров және Алина Фадеева (команда жетекшісі асс.-профессор Алмаш Ордабекова).
    3 командалық орын – М.Тынышпаев атындағы көлік және коммуникациялар академиясы, Мұрат Серик және Роман Цой (команда жетекшісі Тоқжан Қуатбаева, т.ғ.д, профессор).
    3 командалық орын – Қ.И.Сәтбаев атындағы ҚазҰТУ-нің Т.Бәсенов атындағы сәулет және қүрылыс институты студенттері Марал Ахатай және Алтынай Сәрсенбаева (команда жетекшісі Уалихан Карымсаков).
    1 жеке орын – Ақмарал Онғарова, 5В07100, Қ.И.Сәтбаев атындағы ҚазҰТЗУ; 2 жеке орын – Мадина Әкімбекова, 5В07100, Қ.И.Сәтбаев атындағы ҚазҰТЗУ; 2 жеке орын – Ансар Нурланов, 5В071200, Қ.И.Сәтбаев атындағы ҚазҰТЗУ; 3 жеке орын – Руслан Сагадиев, 5В070300, ХАТУ; 3 жеке орын – Бибигуль Дүйсетай, 5В080600, ҚҰАУ; 3 жеке орын – Әлібек Ибраим, 5В071200, Қ.И.Сәтбаев атындағы ҚазҰТЗУ.
    Жеңімпаздар мен жүлдегерлер дипломдармен және бағалы сыйлықтармен марапатталды, басқа студенттерге Республикалық олимпиадаға белсенді қатысқаны және жақсы нәтижелері үшін «СЕРТИФИКАТ» берілді.
    Жүлдегерлер мен Республикалық олимпиадаға қатысушыларды құттықтаймыз!

ӨИИ,СГжәнеИГ кафедрасы

Болашақ