АРХИВСТРЕЧИ - «Сәулет және дизайн» кафедрасындағы жаңа дәстүр

    Т.Бәсенов атындағы "Сәулет және құрылыс" институтының «Сәулет және дизайн» кафедра меңгерушісі Болат Куспангалиевтың бастамасы бойынша кафедрада жаңа дәстүр негізі қаланды: «АРХИВСТРЕЧИ» - студенттер мен ПОҚ кездесулер және атақты отандық және шетелдік сәулетшілер мен масстер-класс өткізу.
    «Сәулет және дизайн» кафедрасында жаңа дәстүр шеңберінде талатты шебер сәулетші,елімізде және шетелде салынған көп жобалардың авторы, Қазақстан республикасының еңбек сіңірген сәулетшісі Тохтар Ералиевпен кездесу өтті.
     Ералиев Тохтар Ералиұлы аты аңызға айналған «Политехтің» сәулет өнері факультетінің түлегі, Қазақстан сәулетшілер Одағының мүшесі, профессор, Халықаралық сәулет Академиясының академигі (ХСАА), Шығыс елдерінің халықаралық сәулет академиясының академигі, бірінші вице-президент, «KAZGOR» жобалау Академиясының бас сәулетшісі, көптеген республикалық, бүкілодақтық және халықаралық сәулетшілер байқауының жеңімпазы, сәулеттік ғимараттардың бас жоспарлары, тұрғын кешендер, ескерткіштердің және т.б авторы, және: 1997 жылы еліміздің астанасы – Астананың бірінші бас сәулетшісі болып тағайындалды.
    Өзінің презентациясында Тохтар Ералиев жобалардың жанды және айқын ерекшеліктерін көрсетті. Сәулетші үшін әр бір жаңа жоба – өзінің жарқын идеясын білдіруге мүмкіндік береді. Сонымен қатар белгілі архитектордың жобаларымен танысуға келген қонақтар галереяның графикалық нұсқасымен танысты.
    Шығармашылық кездесу жылы, достық, еркін атмосферада өтті. Тыңдаушылар Тоқтар Ералиевтің өмір туралы және сәулеттік шығармашылығы жайлы білді, өзімен жеке сөйлесуге және кәсіби тәжірибесімен алмасуға мүмкіншілік алды.

 

СжҚИ

Болашақ