Қ.И. Сәтбаев атындағы ҚазҰТЗУ-дың «Архитектура және дизайн» кафедрасында дипломдық жобалар қорғалды

    «Сәулет және дизайн» кафедрасында «Сәулет» мамандығы студенттерінің дипломдық жобаларының ашық қорғауы өтті. Жобалардың тақырыптары тұрғын үй және қоғамдық ғимараттар сәулетінің өзекті мәселелеріне жауап берді.
    Дипломдық жобаны қорғауға Қ.И. Сәтбаев атындағы ҚазҰТЗУ-дың стратегиялық дамыту жөніндегі проректор Бахытжан Бармагамбетов, оқу-әдістемелік жұмыс бойынша және халықаралық байланыстар жөніндегі проректор Ринат Искаков,инфрақұрылымды басқару департаментінің директоры Аманжол Кенжеханулы,барлық мүдделі тұлғалар, студенттер және басқа кафедралардың оқытушылары мен ата-аналар қатысты.
    Қонақтарды Айтбаева Дінсұлтанның дипломдық жобасының тақырыбы қызықтырды: «Кітапханасы және жаңа оқу ғимараты бар ҚазҰТЗУ бас оқу ғимаратын қайта өндеу» және Хабибуллаев Фарухтың «Спорт кешені бар ҚазҰТЗУ студенттік қалашығын жасау» (жобаның ғылыми жетекшісі – профессор Болат Куспангалиев). МАК мүшелерімен қонақтардың барлық сұрақтарына Дінсұлтан мен Фарух нақты жауап берді.
    Дипломдық жобаларды қорғау құрылымды және шығармашылық атмосферада өтті. МАК мүшелері бірауыздан жас сәулетшілердің қорғалған жобаларының жеткілікті жоғары кәсіби деңгейін мойындады.
    «Сәулет» мамандығын бітіруші түлектерідің дипломдық жобаларының ашық түрде қорғалуын өткізу тек университет қабырғасында ғана емес, сондай-ақ оданда жоғары деңгейдегі орындарда қорғалады деп болжануда. Осылайша,әлеуетті жұмыс берушілер,сәулет ғимаратын салуға ниет білдіруші тұлғалар, қалалық билік өкілдері қала құрылысын жетілдіруге және дамытуға бағытталған тақырыптар бойынша ұсынылған жобаларды көруге мүмкіндік алады.

 

СжҚИ

Болашақ