Жердің шетелдіктерге сатылатыны туралы қауесет таратқандарды жазалау керек - Назарбаев

    Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Жер Кодексіне енгізілген өзгерістерге байланысты дау туғызып жүргендерді жазалау керек екенін айтты.
    "Шетелдіктерге жер сатылатыны туралы бұрыс ақпараттың тарауынан жер мәселесіне халықтың назары ауып жатыр. Бұған дейін бірнеше рет, тіпті менің өзім мұның жалған екенін айттым. Тағы бір рет ескерткім келеді, ауылшаруашылық жерлерін шетелдіктерге сату туралы мәселе көтерілген емес, талқыланбайды да", - деді Президент Қазақстан халқы Ассамблеясының кезекті сессиясы барысында.
    "Осы тақырып айналасындағы қауесеттің барлығы негізсіз. Осыған бастамалық еткендер әшкереленіп, елдің заңы бойынша жазалануы керек", - деді Президент.

Толығырақ

Болашақ