«Болашақтың қаласы» конференциясы

    Халықаралық ынтымақтастық және академиялық ұтқырлық департаментінің ұйымдастыруымен 2016 жылдың 26 сәуірінде Париж қ. әкімшілігінің болжау бөлімінің жетекшісі, Өнер және қолөнер Ұлттық мектебінің ғылыми қызметкері (CNAM) Башир Керрумидің Ақпараттық және телекоммуникациялық технологиялар институты директоры Ахметов Бахытжан бастаған профессорлық-оқытушылық құрам мен студенттердің қатысуымен конференция ұйымдастырылды. Конференцияға ҚР Франция елінің Бас консулдығының университеттер ынтымақтастығы бойынша атташесі – Севрен Ван Гастель мырза қатысты.
    Аталмыш іс-шара «Болашақтың қаласы» атты конференция шеңберінде, Қазақстандағы Франция елшілігі мен Institut Français қолдауымен Қазақстандағы Француз Альянстың ұйымдастыруымен өткізілген болатын.
    Башир Керруми (1959 ж) – тағдыры таңғажайып адам. Ол Оран қаласында дүниеге келіп, 15 жасында Алжир елінен агроном болам деген арманмен Францияға көшеді. Бір күні таңертең қайғылы жағдайды басынан кешірген ол, ұйқысынан тұрғанда – көз жанарынан айырылады. Ақшасыз, қолдаусыз, құжаты жоқ эмигрант мойыған жоқ. Ол күресуге шешім қабылдайды. Брайль әліпбиін үйреніп, университетке түсіп инженер дипломын алады, содан кейін бір жылдай АҚШ-да ақпараттық технологиялар саласында тәжірибеден өтеді. Францияға қайтып келгеннен соң, компьютерлік сауаттылық орталығын ұйымдастырады және "Мүмкіншілігі шектеулі жандармен жұмыс істеуді ұйымдастыру" тақырыбында кандидаттық диссертациясын қорғайды, сонымен қатар сол уақытта дзюдодан қара белдік иегері атанады. Қазіргі таңда Башир Керруми Париж қаласында экономикалық кеңесші қызметін атқарады.
    Конференция барысында Керруми мырза Париж қаласының әкімшілігі тарапынан қаржыландырылатын, мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған әр түрлі жобалар жайлы айтып берді. Өзінің тәжірибелері мен ойларымен алмасты. Сонымен қатар, ҚазҰТЗУ тарапынан «Ақылды қала» тақырыбында университетіміздің оқытушысы Юнусов Расул есеп берді. Өткізілген конференцияны талдай отырып келесі оң аспектілерді айта кетуге болады: аталған тақырып тыңдармандардың үлкен қызығушылығын туғызды.
    Башир Керруми адамның жеке шексіз мүмкіндіктеріне және физикалық шектеулер толық қанды өмір сүруге шектеу болмау керек екендігіне сенеді. Аталмыш ойлар тек арман ғана болып қоймай, шындық екендігіне өзінің өмірі дәл екендігін көруге болады.

 

ХЫД

Болашақ