Оңтүстік Корея делегациясы ҚазҰТЗУ-да

    2016 жылдың 14 мамырында ҚазҰТЗУ-ға Сауда, өнеркәсіп және энергетика министрлігі директорының орынбасары Ли Доан бастаған Оңтүстік Корея делегациясымен кездесу өтті. Сонымен қатар Корея технологияларды дамыту институты мен Корея индустриялық технологиялар институты өкілдері болды.
    ҚазҰТЗУ проректорлары Ринат Искаков пен Мурат Орынханов және Ақпараттық және телекоммуникациялық технологиялар институты директоры Бахытжан Ахметов делегация өкілдерімен екіжақты ынтымақтастықты дамыту бағыттары бойынша және ҚазҰТЗУ жанындағы Қазақстан-Корей білім беру орталығының дамуы жөніндегі мәселелерді талқылады.

ХЫД

Болашақ