4 курс студенттері!

«Карачаганак Петролиум Оперейтинг Б.В.(КПО Б.В.) диплом алдындағы практикадан өтуге конкурс жариялайды

     Тамыздың 22-нен қазанның 10-на дейін 4 курс студенттеріне төмендегі мамандықтар бойынша компания «Карачаганак Петролиум Оперейтинг Б.В.(КПО Б.В.) диплом алдындағы практикадан өтуіне конкурс жариялайды:

• Мұнай және газ ісі
• Пайдалы қазбалар кенорындарының геологиясы және барлау
• Технологиялық машиналар және жабдықтар
• Автоматтандыру және басқару
• Машинажасау
• Стандартизация, метрология және сертификация
• Көлік, көлік техникасы және технологиялары
• Көлікті пайдалану және жүк қозғалысы мен тасымалдауды ұйымдастыру
• Электржабдықтау
• Ақпараттар қауіпсіздігі жүйесі
• Радиотехника, электроника және телекомуникация
• Экология
• Органикалық және неорганикалық заттардың химиялық технологиясы
• Экономика
• Есеп және аудит
• Менеджмент
Құжаттар тізімі:
     • Өтініш (www.kazntu.kz сайтындағы келтірілген форма бойынша);
     • офис-регистратормен куәландырылған транскрипт;
     • Жеке куәлік көшірмесі;
     • Студенттің практика жоспары.
     Жарысқа қатысуға ықылас білдіруші студенттерге қазанның 10-на дейін оқу жүйесін және өндірістік практиканы ұйымдастыру бөліміне (406 МҒ) жоғарыда аталған құжаттар жиынтығын өткізу керек (конкурсқа GPA= 3,5 ден жоғары балы бар студенттер қатыса алады).
Өтініш бланкісі

 

Академиялық мәселелер департаменті

Болашақ