Түркиядан келген профессор Қ.И. Сәтбаев атындағы ҚазҰТЗУ студенттеріне тәжірибесімен бөлісті

    2016 жылдың Қыркүйек айының 20 жұлдызында Т.К.Басенов атындағы Сәулет және құрылыс институтының «Инженерлік жүйелер және желілер кафедрасында» Эскишехр (Түркия) қаласының Османгази университетінің профессоры Nazmi ORUC және студенттер мен профессорлық-оқытушылар құрамының қатысуымен ұйымдастырылған ғылыми семинар өткізілді. ҚР әлемде аллюминий өндіру және қайта өңдеу бойынша жетекші орындардың бірі болғандықтан, семинар тақырыбы қазақстандық өндірушілерге кеңінен таныс.
    Ғылыми семинар ағылшын тілінде өткізілді. Осы кездесу нәтижесінде Сәулет және Құрылыс институтының директоры Болат Құспанғалиевтың бастамасымен профессорлық - оқытушылар құрамы мен студенттер инновациялық технологияларды қолдану аясында кәсіптік тәжірибе алмасып, ағылшын тілінде өздерінің біліктілігін арттыру мүмкіндігіне ие болды.

СжҚИ

Болашақ