Политехтың жас ғалымдары жобалау мен зерттеу жүргізуге үйренді

    Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-де әлемдік ғылыми-білім кеңістігіне бірігу мақсатында қазақстандық ғалымдардың профессионалды дамуына бағытталған қазақстандық-британдық үкіметаралық "Ньютон - Аль-Фараби" бағдарламасы аясында «МЕНЕДЖМЕНТ ЖӘНЕ ЗЕРТТЕУ ЖОБАЛАРЫН ӘКІМШІЛІКТЕНДІРУ» атты семинар өтті. Семинарға университетіміздің жас ғалымдары Махамбет Құспанғалиев және Сезім Мұстапаева қатысты.
    Бұл тренинг мақсатына жобалық менеджмент принциптерімен сәйкес ғылыми зерттеулерді ұйымдастыру мен басқару қабілеттерін жақсарту, зерттеу жобаларын басқару мен әкімшіліктендіруге кіретін қазақстандық ғалымдарға бірегей мүмкіндік берді.
    Зерттеулерді сәтті жүргізуде жобаны басқару қабілеттері маңызды мәнге ие. Бұл интерактивті тренинг мүшелері болашақта сенімді жобалауға және зерттеулер жүргізуге, сонымен қатар сәтті зерттеу жұмыстарын алға тартуға мүмкіндік беретін түрлі құралдар мен кейстермен танысты. Біз қалай ұйымдасқан зерттеу тобын құру, пайда болып отырған шиеленістермен нәтижелі күресу, зерттеу жұмысын әкімшіліктендіру үшін қажетті үрдістерді пайдалану, зерттеу жобаларын жоғары профессионалды тұрғыда ұйымдастыруда тайм - менеджмент пен көшбасшылық қабілеттерді қолдану керектігін білді.

ГжМГІИ

Болашақ