ҚазҰТЗУ білім алу межесін кеңейтуде

    Қ.И. Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық зерттеу университеті өзінің шет елдері университеттерімен білім және ғылым саласындағы қатынастықтарды ұлғайтуда. Соның бірі осы жылдың 29 қыркүйегінде Рейн – Вестфал атындағы техникалық университетінің (Ахен қаласы, Германия) делегациясымен кездесу өтті. Оның құрамында профессор Иль Пауль бастаған 17 білімгерлер (бакалаврлар, магистранттар және докторанттар) болды. Олардың біздің университетке келген мақсаты, таукен-металлургия саласына қарасты дайындалатын кадрларды дайындаудағы жетістіктермен танысу, сондай-ақ сол бағытта жетістік әріптестікті нығайту.
    Рейн –Вестафал техникалық университеті (RWTH Aachen University-Германияның ең ірі техникалық университеттерінің үштігіне кіреді және инженерлік мамандарды дайындаудың орталығы болып саналады. Келген делегацияны ҚазҰТЗУ-дың академиялық жұмыс жөніндегі проректоры, профессор Ринат Искаков қабылдап, келген ұжымға біздің университет туралы толық түрде мәліметтер ұсынды.
    Келген қонақтар «Металлургия және пайдалы қазбаларды байыту кафедрасының лабораторияларымен, тау-кен мамандығының оқу Полигонымен», университеттің минералогия мұражайымен және ҚазҰТЗУ технопаркінің инженерлік ғылыми-зерттеу зертханасымен танысты.
    Екіаралық кездесудің нәтижесі аясында екі жоғарғы оқу орындары өзара академиялық, ғылыми –техникалық және мәдениеттік ынтымастықты жалғастыруға, сондай-ақ жоғары білікті мамандықтарды дайындауға, ҚазҰТЗУ-дың металлургия, пайдалы қазбаларды байыту мамандықтарының білім беру бағдарламаларын аккредитациялауға арналған қызметтестіктерді атқаруға қарасты келісімге қол қойды.

ТКМИ

Болашақ