ӨИИ-дағы Машина жасаушылар күні

    Қыркүйек айының соңғы күндерінде Қазақстанда Машина жасаушылар дәстүрлі кәсіби мерекені- Машина жасаушылар күнін атап өтеді. Осы жылы мереке мерейтой күнімен – Машина жасау факультетінің негізін қалаушы және алғашқы деканы Құрмангалиев Мирам Құрмангалиевичтің 100-жылдығымен сәйкес келді.
    Осы іс-шараларды атап өту барысында 29 қыркүйек күні ҚазҰТЗУ МҒ Конференц-залында Ә. Бүркітбаев атындағы Өнеркәсіптік инженерия институты мерекелік іс-шаралар өткізді, іс-шараға Мирам Құрмангалиевтің туыстары, жолдастары және әрістестері – ұлы Нұрлан, профессорлар Мендебаев Тоқтасын, Түсүпбеков Махабат және Тәжібаев Санатбек және т.б. шақырылды. Алғысөзді академиялық жұмысы жөніндегі проректор Искаков Ринат және ӨИИ директоры Байғұншеков Жұмаділ айтты.
    ССжМЖТ кафедрасының профессоры Мендебаев Тоқтасын Мирам Құрмангалиевтің ғылыми қызметі мен еңбек жолы жайында баяндама жасады. Профессорлар Түсүпбеков Махабат және Тәжібаев Санатбек жолдасы және әріптесі жайлы естеліктерімен бөлісті.
    Іс-шара ары қарай ғылыми семинармен жалғасты, онда Египеттік ғалым, Металлургия және ғылыми зерттеулер Университетінің профессоры Ахмад Гемел (Ahmad Gemefl) өзінің ғылыми жұмысынан мәлімдеме жасады, сонымен қатар Өнеркәсіптік инженерия институтының оқытушылары мен студенттері де өздерінің ғылыми жұмыстары жайлы мәлімдемелер жасады.
    Мерекелік іс-шара концерттік бағдарламамен, Институттың талантты студенттерін және үздік оқытушыларын мақтау қағаздарымен марапаттаумен жалғасын тапты.
    Мерекелік іс-шара аяғында Институттың оқытушылары мен студенттері арасында дәстүрлі футболдық матчпен аяқталды.

Болашақ