Жастар дамуының көкейкесті мәселелері бойынша конференция

    3-4 қазанда Астана қаласындағы Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті кітапханасында Қазақстан мен Ресей ынтымақтастығының өңіраралық ХІІІ Форумы аясында «Жастар саясатын қалыптастыру және жүзеге асыру ерекшеліктері» халықаралық ғылыми-практикалық конференция өтті. Оны ҚР білім және ғылым министрлігі Л.Н.Гумилев атындағы Еуразиялық ұлттық университеті және «Жастар» ғылыми-зерттеу орталығымен бірлесе ұйымдастырды.
    Отандық және Ресейлік ғалымдар, қоғамдық ұйымдардың өкілдері жастар дамуының өзекті мәселелерін талдады. Қоғамдық пәндер кафедрасының профессоры, саяси ғылымдардың докторы Лилия Зайниева конференцияға қатысты және пленарлық мәжілісте баяндама жасады.

БИИ

Болашақ