Қ.И.Сәтбаев атындағы ҚазҰТЗУ-нің Қазақ – Канада ғылыми – білім беру орталығында өткен тренинг

    Қ.И.Сәтбаев атныдағы ҚазҰТЗУ-нің Геофизика кафедрасының және Phoenix Geophysics Ltd (Канада) компаниясының бірлесуімен Қазақ – Канада ғылыми – білім беру орталығында ғылыми - өндірістік семинар өтті.
    Семинарда Phoenix Geophysics, China Geopsysical компаниялары, Геология ғылымдар институты, ҒӨО «Геокен», ГжМГІИ-ның Геофизика және ГКТжПҚКБ кафедра меңгерушілері және Геофизика кафедрасының студенттері мен магистранттары белсенді қатысты.
    Ғылыми - өндірістік семинарда Феникс PhoenixGeophysics компаниясының далалық аппаратуралары, далалық жұмыстардың әдістемелері, SSMT 2000 программалық бағдарламасында МТ/АМТ электрлік барлаудың далалық мәліметтерін өңдеу, алынған нәтижелерді түзету, МТ/АМТ электрлік барлаудың мәліметтерін интерпретациялау тақырыптары талқыланды.
    Семинар барысында Phoenix Geophysics компаниясының вице-президенті доктор Александр Ингеров және жетекші геофизигі Мурат Ураков баяндама жасады.
    Талқылау интерактивті режимде және бетпе-бет болды.

ГжМГІИ

Болашақ