Қ.И.Сәтбаев атындағы ҚазҰЗТУ доценті ҚР Минералдық ресурстар Академиясының және Экология, Адам және табиғат қауіпсіздігі Халықаралық ғылым Академиясының корреспондент-мүшесі болып сайланды

    Геология-минералогия ғылымдарының кандидаты Қ.И. Сәтбаев атындағы ҚазҰТЗУ-нің «Гидрогеология және инженерлік геология» кафедрасының доценті Медетхан Заппаров 15-қаңтар 2016 жылы ҚР Минералдық ресурстар Академиясының және 24-тамыз 2016 жылы Экология, Адам және табиғат қауіпсіздігі Халықаралық ғылым Академиясының корреспондент-мүшесі болып сайланды. Ол «ҚР жер қойнауының құрметті барлаушысы», «ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің еңбек сіңірген қызметкері», және басқа да құрметті жүлделердің иегері. 78 ғылыми, ғылыми-әдістемелік жұмыстардың авторы, оның 5-і оқулықтар мен оқу құралдары.
    Заппаров Медетхан Расылханұлын ғылымдағы үлкен жетістіктерімен құттықтап, келешекте жаңа белестерді бағындырып, мол табыстарға жетуіне тілек білдіреміз!

ГжМГІИ

Болашақ