Жұмыспен қамту 2020 жол картасы

    2016 жылдың 28 қазан күні Қ.Сәтбаев атындағы ҚазҰЗТУ-нің ТМҒ акт залында «Жұмыспен қамту 2020 жол картасы» бағдарламасы бойынша Бостандық ауданының өкілдерімен кездесу өткізілді.
    Кездесудің басты мақсаты 4 курс студенттерін мамандық бойынша жұмысқа орналасуын қамтамасыз ету. Бұл бағдарлама Елбасы Н.Ә. Назарбаевтің 2012 жылдың 14 желтоқсанда «Стратегия Казахстана –2050» жолдауында қабылданған болатын.
    Іс-шара барысында бағдарламаның мақсатын, қалай тіркеле алатын және жұмысқа мамандық бойынша кіруге болатыны туралы түсіндірілді. «Жұмыспен қамту 2020 жол картасы» Қазақстан Республикасының үдемелі индустриялық-инновациялық даму жөніндегі мемлекеттік бағдарламалардың бірі болып табылады.

АкМД

Болашақ