Каршигина Зауре Байтасовна

Қ.И.Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық зерттеу университетінде 6D070900 –Металлургия мамандығы бойынша докторант Каршигина Зауре Байтасовнаның «Тұндырылған кремний диоксидін ала отырып және сирек жер металдарды бөліп алумен, құрамында кремнийі бар минералды және техногенді түзілімдерді кешенді қайта өңдеу» тақырыбында философия докторы (PhD) дәрежесін алу үшін докторлық диссертация қорғау өткізіледі.

Диссертация Қ.И. Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық зерттеу университетінің «Металлургиялық процестер, жылутехникасы және арнайы материалдар» кафедрасында және "Металлургия және кен байыту институты" АҚ-ның Сирек шашыраған элементтер зертханасында орындалған. Қорғау орыс тілінде өтеді.

Ғылыми кеңесшілер:

1. Абишева Зинеш Садыровна – ҚР ҰҒА корр. мүшесі, техника ғылымдарының докторы, профессор, Қ.И. Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық зерттеу университетінің таукен-металлургия институтының директоры.

2. Ата Утку Акчил – философия докторы (Ph.D), Сулейман Демирель атындағы университетінің профессоры (Түркия).

Рецензенттер:

1. Нуркеев С.С. – техника ғылымдарының докторы, Қ.И. Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық зерттеу университетінің «Өндірістік экология және биотехнология» кафедрасының профессоры (05.16.02).

2. Злобина Е.В. – химия ғылымдарының кандидаты, Әль-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің «Аналитикалық, коллоидтық химия және сирек элементтер технологиясы» кафедрасының доценті (02.00.02).

Қорғау 2016 жылғы 22 желтоқсанда сағат 11-00-де Қ. И. Сәтбаев атындағы ҚазҰТЗУ-ң ("Металлургия және кен байыту институты" АҚ) келесі мекенжайда өтеді: 050010, Алматы қаласы, Шевченко көшесі, Уалиханов көшесінің қиылысы, 29/133, конференц-зал. Университеттің сайты:www.kazntu.kz, e-mail: zaure_karshyga@mail.ru

 

Список научных трудов
Аңдатпа
АННОТАЦИЯ
Annotation
ДИССЕРТАЦИЯ
ОТЗЫВ научного консультанта
ОТЗЫВ зарубежного нучного консультанта
Вернуться к списку объявлений

 

Болашақ