ОНЛАЙН БІЛІМ БЕРЕТІН АШЫҚ УНИВЕРСИТЕТТЕР

ОНЛАЙН БІЛІМ БЕРЕТІН АШЫҚ УНИВЕРСИТЕТТЕР    Kcell компаниясы мен Wikibilim қоғамдық қоры жаңа бір жобаны жүзеге асырмақ.
    Бұл жобаның артықшылығы, елімізде онлайн білім беруді дамыту ісін қолға алмақ. Қор президенті Нұрбек Матжанидың пікіріне қарағанда, бүгінде интернет қолданушылары бес мыңнан астам түрлі онлайн курсты пайдалана алады. Олардың арасында ең танымалы Сoursera, EdX, Udacity сияқты оқыту алаңдары. Мұның көп бөлігі ағылшын тілінде.
    «Қазақстанның ашық уни­верситеті дегеніміз не?» деген сауалға жоба авторлары, оның еліміздегі жетекші жоғары оқу орындары оқытушыларының видео дәрістерін тегін тыңдатуға мүмкіндік беретін онлайн алаң болатынын айтады. Алғашқы кезекте, бұл жоба бойынша он курс іске қосылмақ. Сондай-ақ порталда осы курстарды дайын­дау барысында қолданылған мамандандырылған әдебиет ашық орналастырылады. Бұған қоса дәріс материалдарының сексен пайыздан астамы мем­лекеттік тілде ұсынылады. Алдағы уақытта мамандандырылған курс­тардың саны артатын болады.
    Тағы бір ерекшелігі, бұл жобаны жасаушылар қолдану­шыларға осындай алаңдарға арналған ең озық функциялар жиынтығын ұсынатын болады. Олар: интуитив интерфейс, ыңғайлы бейнеплейер, курс тыңдаушылардың жеке кабинеті, университеттер мен лекторлардың профайлы, тест тапсырмалары мен конс­пектілер.
    Жоба жетекшілері мұның Гарвард университеті мен Массачусетс технология инс­титутының тандемімен жа­сал­ған Open edX платформасы негізінде іске асырылғанын жеткізді.
    «Қазақстанның ашық уни­верситеті» жобасына Қазақ ұлттық техникалық зерттеу университеті, ҚБТУ, Сүлейман Демирел атындағы университеті сияқты беделді жоғары оқу орындары мен Математика жә­не математикалық модельдеу инс­титуты, А.Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институты сияқты ғылыми-зерттеу инс­титуттары серіктес болып отыр.
    «Қазақстанның ашық уни­верситеті» жобасына Қазақ ұлттық техникалық зерттеу университеті, ҚБТУ, Сүлейман Демирел атындағы университеті сияқты беделді жоғары оқу орындары мен Математика жә­не математикалық модельдеу инс­титуты, А.Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институты сияқты ғылыми-зерттеу инс­титуттары серіктес болып отыр...

Алматы қ, 26.11.2016, Айқын газеті, aikyn.kz/ru/articles/show/31468-onlain_b_l_m_beret_n_ashy_universitetter
Гүлзина БЕКТАС

Болашақ