Ақпараттық парақша

Үздік архитектуралық шығармалардың республикалық байқауы

    2016 жылы желтоқсан айының 9 күні Қ. И. Сәтбаев атындағы ҚазҰТЗУ-да Қазақстан Республикасының 25 жылдық мерейтойына, Қазақстан Архитекторлар одағының 80 жылдығына, ҚР-да архитектуралық білім берудің 55 жылдығына және Алматы қаласының 1000 жылдығына орайластырылған Үздік архитектуралық шығармалардың республикалық байқауы өтеді.
    Аталмыш іс-шараға Қазақстан Архитекторлар одағы, Халықаралық архитектура академиясының қазақстандық бөлімшесі мен «KAZGOR» жобалау академиясы қатысады. Қонақ ретінде Қазақстан қалалары мен облыстық Архитектура және қала құрылысы басқармасының өкілдері, архитектуралық-жобалау фирмалары, құрылыс компаниялары, бюролар, шығармашылық ұжымдар мен тәуелсіз архитекторлар шақырылады.
    Байқаудың негізгі мақсаты – Қазақстанда архитектуралық-құрылыс қызметімен шұғылданушылар арасынан үздіктерді анықтап, оларды қоғамға таныстыру, сондай-ақ 2017 жылы Сеул (Оңтүстік Корея) қаласында өтетін Халықаралық Архитекторлар одағының XXVI Конгресіне қатыстыру үшін үздік архитектуралық шығармаларды таңдап алу.
    Байқаудың жеңімпаздарын бес номинация бойынша салтанатты түрде құттықтау рәсімі өтеді. Осы байқау аясында жоғары оқу орындарының архитектуралық факультетін 2015/2016 оқу жылы бітірген түлектердің ең үздік дипломдық жұмыстары да анықталып, жеңімпаздары марапатталады.
Іс-шара мына мекен-жайда өтеді: Қ. И. Сәтбаев атындағы ҚазҰТЗУ, Бас оқу ғимараты. Алматы қаласы, Сәтбаев көшесі, 22. Басталуы сағат 11:00.

Болашақ