ҚазҰТЗУ студенті «Егемен Қазақстан» газетінің «Елдік мұрат» номинациясының иегері атанды

    2016 жылдың қараша айының 29 күні Әл – Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті «Жандану әлемі» қорының қолдауымен, «Жас Отан» жастар қанаты, ҚР Жазушылар Одағы және Алматы қаласы әкімдігі Қазақстан Республикасының Бірінші Президенті күніне және Тәуелсіздіктің 25 – жылдығына арналған «Мен жастарға сенемін!» атты студент жастардың төртінші патриоттық форумы өткізілді.
    Аталған форумда ИХИ 3-курс студенттері Танзиля Зияева, Гүлнұр Жұмаханова, Сабина Сабырова, Сейілхан Досмақ гала – форумының финалына жолдама алып, Ақпараттық және Телекоммуникациялық технологиялар Институтының 3-курс студенті Нұржаусын Арманбетов– «Елімнің өркендеуіне үлесім...» эссе байқауы бойынша «Егемен Қазақстан» газетінің «Елдік мұрат» номинациясының иегері атанды.

Рахимдильдаева А.К., Тәрбие және әлеуметтік даму департаментінің бас маманы

Болашақ