Қазақстанда мобильді қосымшалар чемпионаты өтеді

    АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстанда nFactorial Challenge мобильді қосымшалар чемпионаты өтеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

    Ұйымдастырушылардың айтуынша, чемпионаттың жүлде қоры 30 000 АҚШ долларын құрайды. Мобильді қосымшалардың қазақстандық біріншілігінде жеңімпаз атанғандар ақшалай сыйлықпен қатар, 12 аптаға Кремний алабына жолдама алады.
    Чемпионат еліміздің ең ірі үш қаласында өтпек: 21 қаңтарда Алматыда ҚБТУ, 28 қаңтарда Қарағандыда ҚарМУ және 11 ақпанда Астанада Nazarbayev University.
    3 жеңімпаздың әрқайсысы Академик Ш.Есенов атындағы білім беру қорынан $10,000 алады.
    Әрбір қатысушы өзінің өнімі туралы таныстырылымды 2 минутта өткізе білуі шарт. Өнім кез келген даму сатысында: идея, прототип және іске қосылған қосымша болса да, қазылар алдына ұсыныла алады.

 

Алматы қ., 18.01.2017, ҚазАқпарат, inform.kz/kz/kazakstanda-mobil-di-kosymshalar-chempionaty-otedi_a2990370
Автор: Жасұлан Жолдыбаев

Болашақ