Қ.И.Сәтпаев атындағы ҚазҰТЗУ Металлургия және материалтану диссертациялық кеңесінің 2016 жылғы қыркүйек-желтоқсан есебі.

Қ.И.Сәтпаев атындағы Қазақ ұлттық зерттеу техникалық университетінің

Металлургия және материалтану диссертациялық кеңесінің

2016 жылғы қыркүйек-желтоқсан есебі.

 

1.  

Өткіз1. Өткізілген мәжілістер саны – 10 отырыс.

2. Отырыстарға жартысынан кеміне қатысқан, кеңес мүшелерінің тегі:

PhD докторы, физика және математикка ғалымдарының кандидаты – Шейх-Али А.Д., (мамандығы - 6D071000-Материалтану және жаңа материалдар технологиясы).

3.  

Көрс3. Көрсетілген ұйым орны мен докторанттар тізімі:

1. Мадижанова А.Т. Қ.И.Сәтпаев атындағы ҚазҰТЗУ

2. Ускенбаева А.М. Қ.И.Сәтпаев атындағы ҚазҰТЗУ

3. Волокитина И.Е. Қ.И.Сәтпаев атындағы ҚазҰТЗУ

4. Рамазанова Р.А. Д. Серикбаев атындағы ШҚМТУ

5. Садуакасова А.Т. Д. Серикбаев атындағы ШҚМТУ

6. Ибраева Г.М. Қ.И.Сәтпаев атындағы ҚазҰТЗУ

7. Мамбеталиева А.Р. Қ.И.Сәтпаев атындағы ҚазҰТЗУ

8. Каршигина З.Б. Қ.И.Сәтпаев атындағы ҚазҰТЗУ

9. Акимбекова М.М. Қ.И.Сәтпаев атындағы ҚазҰТЗУ

 

4.  

Кеңестің есепті жыл ішінде қараған диссертациялардың қысқаша талдауы

 

Докторанттың аты-жөні

Жұмыстың тақырыбы

Шифр және мамандығы

1

Мадижанова

Әлия Тұрсынханқызы

 

Сирек кездесетін металдар қосылған (0,05% дейін) үйкеліс және тозу кезінде жұмыс істейтін жаңа темір-көміртекті демпфирленген қорытпаларды жасау

6D071000 – Материалтану және жаңа материалдар технологиясы

2

Ускенбаева

Алма

Мұратбековна

Шойындарды нанокөміртекті қоспаларамен модификациялаудың ғылыми-технологиялық негіздері

6D071000 – Материалтану және жаңа материалдар технологиясы

3

Волокитина

Ирина

Евгеньевна

 

Пластикалық деформация көмегiмен металдар мен қорытпалардың физико-механикалық берiктену технологиясын жасау

6D071000 – Материалтану және жаңа материалдар технологиясы

4

Рамазанова

Райгүл

Амангельдіқызы

«Шаймерден» кен орынының байытылуы қиын тотыққан мырыш кендерін физикалық-химиялық зерттеу және өңдеудің гидрометаллургиялық технологиясын әзірлеу

6D070900 – Металлургия

5

Садуакасова

Айгүл

Талгатқызы

Техногенді және гидроминералды шикізаттан табиғи түрлендірілген сіңір­гішті қолдана оты­рып уранды бөліп алудың сіңіру техно­логиясы

6D070900 – Металлургия

6

Ибраева

Гульзира

Мұратбекқызы

Аз легірленген конструкциялық болаттарды жоғары диссипациялық сипатымен жасап шығару

6D070100 – Материалтану және жаңа материалдар технологиясы

7

Мамбеталиева Алима

Рахматуллақызы

 

Құрамында мыс-мышьяк бар полиметалл шикізатын кешенді қайта өңдеу технологиясын жасақтау

6D070900 – Металлургия

 

8

Каршигина

Зәуре

Байтасқызы

 

Тұндырылған кремний диоксидін ала отырып және сирек жер металдарды бөліп алумен, құрамында кремнийі бар минералды және техногенді түзілімдерді кешенді қайта өңдеу

6D070900 – Металлургия

 

9

Акимбекова

Маржан

Мырзаканқызы

 

Қарқынды пластикалық деформацияның алюминий қорытпаларына құрылымы мен қасиетіне әсері

6D070100 – Материалтану және жаңа материалдар технологиясы

 

4.1. Қарастырылған жұмыстардың тақырыбын талдау.

Мадижанова Әлия Тұрсынханқызы

4.1.1. Ә.Т. Мадижанованың жұмыс тақырыбын талдау «Сирек кездесетін металдар қосылған (0,05% дейін) үйкеліс және тозу кезінде жұмыс істейтін жаңа темір-көміртекті демпфирленген қорытпаларды жасау» 6D071000 – Материалтану және жаңа материалдар технологиясы мамандығы бойынша PhD докторы ғылыми дәрежесін талап ету үшін ұсынылған.

Диссертациялық жұмыс машиналар мен жабдықтардың сенімділігі мен жұмыс қабілеттілігін жоғарылатуға, шуыл мен дірілді жұтуды қамтамасыз ететін және машина жасау мен өңдеу өнеркәсіптерінде еңбек жағдайын жақсартуға көмектесетін демпферлік қорытпаларды алу мәселесіне арналған. Алынған және өңделген қорытпа жоғары беріктік және демпферлік қасиеттерімен қатар, материалтану және машина жасау салалары үшін үлкен маңыздылығы бар болып табылады. 

Ғылыми зерттеулер мен консультациялық жұмыстар шетелдік ғылыми консультант PhD докторы, AGH профессоры (Краков, Польша) Д.Копычинскимен бірге орындалды.

Жұмыстың мақсаты жоғары дыбыстық таралу, үйкеліс және тозу режимінде жұмыс істейтін стандартты болаттар базасында қосынды элемент ретінде сирек кездесетін металдар – церий және иттрий қосындыланған жақсартылған акустикалық, демпферлік және механикалық қасиеттерімен төмен қосындыланған болаттарды жасау болып табылады.

Диссертациялық жұмыстың ғылыми-тәжірибелік маңыздылығы: Төмен қосындыланған болаттардың акустикалық, демпферлік және механикалық қасиеттерін жақсартуға сирек кездесетін металдарды (церий, иттрий) қолдану, еңбек жағдайын жақсарту, жабдық пен адамдарға түсетін зиянды діріл жүктемесін азайту басты мәселе екені көрсетілген. Деформация амплитудасының деңгейі және машиналар мен жабдықтардың тетіктері мен түйіндерініңжұмыс істеу режимі бекітілді.

Жұмыстың үлкен теориялық және қолданбалы маңызы бар, өйткені автормен жоғары дыбыстық таралу, үйкеліс және тозу режимінде жұмыс істейтін болаттардың акустикалық және демпферлік қасиеттеріне, олардың механикалық қасиеттерінің жеткілікті деңгейін сақтау арқылы серек кездесетін металдардың (церий, иттрий) оң ықпалы келтірілді. Фондық және магнитті механикалық демпферлеудің дамуының амплитудалық тәуелділігі зерттелді және жасалған қорытпалардың күйі, фазалық құрамы мен құрылымы арасындағы байланыс анықталды.

4.1.2. Диссертация тематикасының ұлттық мемлекеттік бағдарламалармен, сонымен қатар бағыттық Республикалық және аймақтық ғылыми және ғылыми-техникалық бағдарлаламалармен байланысы.

Мадижанова Алия Турсынханованың диссертациялық жұмысы Қ.И.Сәтбаев атындағы ҚазҰТЗУ ғылыми-зерттеу жұмыстарының жоспарына сәйкес орындалды:

- 2014 жылғы 04.02. күніне қарасты РФ БжҒМ №747 «Темір негізіндегі реттелген тығыздылығымен ұнтақ металдық материалдарды жасау» тақырыбы бойынша ҚР БжҒМ гранты;

- 2014 жылғы 01.09 күніне қарасты №5.852.11 ҒЗЖ «Еңбекті қорғау, өнеркәсіптік қауіпсіздік мәселелерін шешу бойынша шараларды жасау» Қ.И.Сәтбаев атындағы ҚазҰТЗУ мен «Мунайгазинжиниринг Лтд» ЖШС арасындағы тақырыбы.

4.1.3. Қарастырылған жұмыстардың, ұсыныстардың, ғылыми жұмыстардың нәтижелерін енгізу кезінде нақты ғылыми нәтижелерді қолдану деңгейін талдау.

Диссертациялық жұмыстың нәтижесі бойынша докторант А.Т.Мадижанова 9 ғылыми басылымдарда жарияланған, оның ішінде: 3 мақала Қазақстан Республикасының білім және ғылым министрлігі сферасындағы бақылау комитетімен ұсынылған журналда жария етілген; 2 мақала нолдік емес импакт-факторымен Scopus компаниясының берілгендер базасына енгізілген халықаралық ғылыми басылымда шығарылған (International Journal of Chemical Sciences с импакт-фактором 0,162 и Metallurgist с импакт-фактором 0,12 ); 4 халықаралық ғылыми конференция материалдары мен тезистерінде жарияланған.

Жұмыстың нәтижелері өндірістік шуылды төмендету мақсатында өңдеу, машина жасау өнеркәсіп орындарында қолдануға ұсынылды. Тәжірибелік демпферленген болат ЭД-4 шынықтыру мен төменгі босатудан кейін төлке типті тетікті жасау ұсынылды.

 

Ускенбаева Алма Муратбекқызы

4.1.1. А.М. Ускенбаеваның жұмыс тақырыбын талдау «Шойындарды нанокөміртекті қоспаларамен модификациялаудың ғылыми-технологиялық негіздері»  6D071000 – Материалтану және жаңа материалдар технологиясы мамандығы бойынша PhD докторы ғылыми дәрежесін талап ету үшін ұсынылған.

Диссертациялық жұмыс негізгі модификаторға нанокөміртекті құрылымдарды қолдану арқылы балқыманың құрылымдық басқару негізінде, шойынан  жасалған бұйымдардын сапасын арттырып қамтамасыз ету мәселесіне бағытталған.

Ғылыми зерттеулер мен кеңестік жұмыстары отандық ғылыми консультанты т.ғ.к, қауымдастырылған профессор  Шамельханова Н.А. және Беларусь республикасының (Минск қаласы) ҰҒА ФТИ-дағы т.ғ.д., профессор Волочко А.Т.  бірге өткізілді.

Диссертация жұмысының мақсаты. Шойындардың фуллеренді табиғаты бойынша заманауи көріністерін ұғына  отырып,   жаңа келешегі зор модификаторларды жасап шығару негізінде шойындарды нанокөміртекті қоспалармен модификациялаудың ғылыми-технологиялық негіздерін жасап шығару.

Зерттеудің тәжрибелік маңыздылығы.  Зерттеудің нәтижелері бойынша, сапалы шойын құмаларын алу үшін , модификациялаудын дәстүрлі технологиясын өзгертпей арзан фулерен технологиясынының қалдық өнімі ретінде ФҚ наноқоспасын негізгі модификаторға қолдануын тәжрибе түрінде мүмкінішілік етті. Қолайлы құрылымды жасауда наноқұрылымды көміртегі бар болатын модификацияландырғыш қоспалардын құрамын жасап шығару   өте  маңызыды роль атқарады. Бұл жағдай тәжрибе жұзінде шойындардың жаңа жоғары механикалық қасиеттерін алуға мүмкіншілік береді.    

Жұмыстың үлкен теориялық және қолданбалы маңызы бар, өйткені автор шойын бұйымдарын шығару кезінде технологиялық желіні өзгертпей  өнеркәсіпте маңыздылығы өте зор болатын нанокөміртекті құрылымдарды қолдана отырып жаңа модификаторлардың түрлерін ұсынып отыр. Осылайша модификациялау кезінде қолданатын көміртекті наноқұрылымдар (әсіресе ФҚ), өнеркәсіпте игеру үшін  өте жағымды болу мүмкін, өйткені  бұйымды қорыту кезінде оның қасиеттерін жақсарта отырып   технологиялық тәртіпті бұзбайды, сонымен қатар осы күнге дейін  шойынды модификациялаудғы наноқұрылымдарды кең қолдану мәселесіне бағыталлған. Наномодификациялау механизмдерінің теориялық дайындамалары өткізілді. Оның нәтижесінде жаңа дәуірдегі  қолайлы кешенді модификаторлар пайда болды.

Шойындардың әр-түрлі модификаторларына ФҚ қоспаның енгізу арқылы шойындардың графиттену дәрежесін жоғарлануына және механикалық пен эксплуатациялық қасиеттерін жоғарлауына әкеледі.  ФҚ қоспасын ендіру кезінде  шойын балқымасында бар болатын көміртекті құрылымдар  (фуллерендер) ФҚ-ның жырық байланыстары болатын фуллерентәріздес молекулаларымен белсендетіледі.  Сондықтан ФҚ нанокомпонеттері модификатор ретінде  графиттің құрылымын пайда болуына әкеліп соғады.  Нәтижесінде осындай наномодификацялаудың арқасында  графиттің кристалдануындағы жаңа орталарының пайда болуына әскеліп соғады.  Сонымен қатар: нанокөміртекті материалдарды - графен, фуллеренді қаралтым  түрлерінде  шойндағы қолданатын дәстүрлі модификаторларға  қоспа ретінде қолдану  мүмкінішіліктері анықталған; ФҚ наноқоспасы бар болатын модификаторлардың жаңа құрамдары ұсынылған және олардың тапшы материалдардың үнемдеу мен бірге   құймалардың эксплуатациялық қасиеттерін қамтамасыз ететін артықшылықтары көрсетілген; ФҚ наноқұрылымды көміртектің және шойынның фуллеренді табиғатына байланысты шойын балқымасында наноөлшемді элементтермен  әрекеттесу негізінде наномодификациялау механизмі ұсынылған; шойындарды нанодеңгейде модификациялаудың ғылыми-технологиялық негіздердің дамуы  Қазақстанның өндіріс ресурстары қоры негізінде шойын балқымаларын өңдеудің жаңа бағыттарының – наномодификациялау -  пайда болуына әкеледі.

4.1.2. Диссертация тематикасының ұлттық мемлекеттік бағдарламалармен, сонымен қатар бағыттық Республикалық және аймақтық ғылыми және ғылыми-техникалық бағдарлаламалармен байланысы.

Диссертация тақырыбы диссертант пен ғылыми жетекшісінің бастамасымен ұсынылды

4.1.3. Қарастырылған жұмыстардың, ұсыныстардың, ғылыми жұмыстардың нәтижелерін енгізу кезінде нақты ғылыми нәтижелерді қолдану деңгейін талдау.

А.М.Ускенбаеваның диссертациялық жұмысының нәтижелері бойынша сегіз (8) басылымда жарияланды, онын ішінде Ғылым мен білім саласындағы бақылау Комитеті ұсынған 3 еңбек, 4 еңбек  Халықаралық конференцияларында және 1 еңбек Web of Science, Sopus базаларына енген халықаралық журналында.

 

Волокитина Ирина Евгеньевна

4.1.1 Волокитинаның И.Е. жұмыс тақырыбын талдау «Пластикалық деформация көмегiмен металдар мен қорытпалардың физико-механикалық берiктену технологиясын жасау» 6D070900 – Металлургия мамандығы бойынша PhD докторы ғылыми дәрежесін талап ету үшін ұсынылған.

Қ.И.Сәтбаев атындағы ҚазҰТЗУ докторанты Волокитина И.Е. орындалған диссертациялық жұмысы, ультраұсақ түйіршікті жартылай фабрикаттарды және бұйымдарды сапалы жаңа деңгейлі физикалық-механикалық қасиеттермен алудың алдыңғы қатарлы технологиялық процестердi жасаудың есебiнен өнеркәсiптiк техникалық таза металдарды және металдық қорытпаларды қолданудың саласын кеңейту үшiн теориялық ұсыныстарды және ТКББң практикалық аспектiлерiн ең тереңiрек түсiнушiлiкке арналған. Диссертациялық жұмыстың мақсаты құрылымның физикалық-механикалық дисперсиялаудың тиiмдi технологиясын зерттеу, алдын-ала және соңғы термиялық өңдеулермен ығыстырылған, берiктік және пластикалық қасиеттерi ТКББ әдістерін пайдалануымен жоғарлатуы болады. Ғылыми зерттеулер және кеңес жұмыстар келесі ғылыми кеңесшілермен жүргізілді: Найзабеков Ә.Б. техника ғылымдарының докторы, профессор, ҚЖМ ҰҒА академигі, КНАЕН РК академигі, Рудный индустриялық институтының ректоры;  Курапов Г.Г. – химия ғылымдарының кандидаты, Қ.И. Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық университетінің профессорі және шетелден ғылыми кеңесшімен Кнапиньски М.Я. – техника ғылымдарының докторы, Ченстохова политехникалық университеті (Польша) өткізілді.

4.1.2 Ұлттық мемлекеттiк бағдарламалары бар диссертациялардың тақырыбының байланысы, сонымен қатар мақсаттық республикалық және аймақтық ғылыми және ғылыми - техникалық бағдарламалармен байланысы.

Волокитина И. Е. диссертациялық жұмысының тақырыбы жоба бойынша орындалған:

1. Термиялық өңдеудi және қарқынды пластикалық деформация қосарлануының жоғары сапалы материалдарын алу. (2012–2014 жылдар);

2. Көмiртегi бар ультрадисперстік шикiзатын қолдануымен алюминий матрица негiзiнде композициялық материалдарды алудың құю - деформациялық технологиясын зерттеу. (2013–2015 жылдар).

4.1.3 Нақты жұмыстардың нәтижелерiн кеңейтiлген енгiзу бойынша қарастырылған жұмыстар, ұсыныстардың ғылыми нәтижелерiн пайдаланудың деңгейiн талдау.

Диссертациялық жұмыстың нәтижелері бойынша 24 жұмыс жарияланған, оның ішінде нөлдiк емес импакт-фактормен 2 мақала журналға (Scopus, Web of Science), ғылыми iс-қимылдың негiзгi нәтижелерiн жарияланым үшін Қазақстан Республикасының Бiлiм және ғылым министрлiгiнiң және бiлiм саласында бақылау бойынша Комитет ұсынылатын, ғылыми басылымдарында 5 мақалалары, 16 жарияланым конференция материалдарында және конференцияға баяндама тезистерiнiң жинақтары, ҚР инновациялық патент 1.

Волокитинаның И.Е. жұмысының практикалық құндылығы, авторымен алынған тәжірибелік деректерi металды және қорытпаларды берiктендiрудiң жаңа технологиялық процестердi зерттеп жасау үшiн тiкелей пайдаланылуға мүмкіндік шартталған. Диссертациялық жұмыстың нәтижелерiн тәжiрибелi пайдалануға енгiзу туралы расталған құжаттын жұмысының практикалық құндылық.

 

Рамазанова Райгүл Амангельдіқызы

4.1.1. Р.А. Рамазанованың жұмыс тақырыбын талдау ««Шаймерден» кен орынының байытылуы қиын тотыққан мырыш кендерін физикалық-химиялық зерттеу және өңдеудің гидрометаллургиялық технологиясын әзірлеу» 6D070900 – Металлургия мамандығы бойынша PhD докторы ғылыми дәрежесін талап ету үшін ұсынылған.

Диссертациялық жұмыс тиімді технологияны әзірлеу мақсатында байытылуы қиын тотыққан мырыш құрамды кендер мен өнімдерді өңдеу мәселелеріне арналған.

Ғылыми зерттеулер және консультациялық жұмыстар шетелдік ғылыми консультант техника ғылымдарының докторы, Ресейдің бірінші президенті Б.Н.Ельцин атындағы Урал Федералдық университетінің «Түсті металдар металлургиясы» кафедрасының профессоры (Екатеринбург, Ресей) С.В. Мамяченковпен бірге орындалды.

Диссертациялық жұмыстың мақсаты: «Шаймерден» кен орынының байытылуы қиын тотыққан мырыш кенін күкірт қышқылды ерітінділеудің физикалық-химиялық сипаттамаларын зерттеу және оны өңдеудің тиімді технологиясын әзірлеу болып табылады.

Диссертациялық жұмыстың ғылыми-тәжірибелік маңыздылығы:

-          

Жеке фракцияларды күкірт қышқылды қарсы ағымды ерітінділеудің белгіленген оңтайлы параметрлері өнімді ерітіндіге мырышты бөліп алу дәрежесін 90% дейін арттыруға мүмкіндік береді.

-          

Кендік материалды алдын ала ұсақ және ірі фракцияларға бөліп, қарсы ағымды кезеңдік ерітінділеу жүргізуге негізделіп жасалған байыту-гидрометаллургиялық технологиялық сұлбасы өңдеудің өзіндік құнын 1,8 есеге дейін төмендетуге мүмкіндік береді.

-          

Ұсынылған технология шихта құрамындағы кенді вельцтеу және вельцпештер возгондары мен клинкерлерді өңдеу кезіндегі энергетикалық шығындарды және атмосфераға зиянды газдардың шығарылымын жоюға мүмкіндік береді.

Жұмыстың үлкен теориялық және қолданбалы маңызы бар, өйткені автормен байытылуы қиын тотыққан мырыш құрамды кендер мен өнімдерден гидрометаллургиялық әдіспен мырышты бөліп алудың технологиялық сұлбасы әзірленді және ұсынылды.

4.1.2. Диссертация тематикасының ұлттық мемлекеттік бағдарламалармен, сонымен қатар бағыттық Республикалық және аймақтық ғылыми және ғылыми-техникалық бағдарлаламалармен байланысы. Рамазанова Райгүл Амангелдіқызының диссертациялық жұмысы келесі жоба бойынша орындалды: ҚР БжҒМ ҒК ғылыми зерттеулерді гранттық қаржыландыру бағдарламасы бойынша ҒЗЖ аясында № 48-312-15, №66-312-16 келісімдері бойынша «Құрамында негізгі құнды компонент аз мөлшердегі тотыққан мырыш кенін заманауи гидрометаллургиялық және байыту үрдістері негізінде өңдеудің технологиясын әзірлеу» (2015 ж., 2016 ж. №МР 0112РК01665).

4.1.3. Қарастырылған жұмыстардың, ұсыныстардың, ғылыми жұмыстардың нәтижелерін енгізу кезінде нақты ғылыми нәтижелерді қолдану деңгейін талдау. Р.А. Рамазанованың диссертациялық жұмысының нәтижелері бойынша 20 баспа жұмыстары жарияланды. Соның ішінде Thomson Reuters және Scopus деректер қорына кіретін 1 мақала; Scopus деректер қорына кіретін 1 мақала; Қазақстан Республикасының пайдалы үлгісінің патентіне №2016/0189.2 - 1 өтінім (Қазақстан Республикасының пайдалы үлгісінің патентін беру туралы 24.10.2016ж. №920 шешімі); Қазақстан Республикасының Ғылым және Білім министрлігінің білім және ғылым саласын бақылау Комитетімен ұсынылған басылымдарда 4 ғылыми мақала. Халықаралық ғылыми конференцияларда 13 баяндама, соның ішінде 1 баяндама жеке жарияланды.

Алынған нәтижелер мен әзірленген технология ЖШС «Аккумулятор зауытында» мырышты алу технологиялық үрдісіне енгізуге ұсынылды.

Диссертациялық жұмыстың нәтижелері Д.Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік техникалық университетінің «Химия, металлургия және байыту» кафедрасында оқу үрдісіне енгізілді.

 

 

Садуакасова Айгүл Талгатқызы

4.1.1. А.Т. Садуакасованың жұмыс тақырыбын талдау «Техногенді және гидроминералды шикізаттан табиғи түрлендірілген сіңір­гішті қолдана оты­рып уранды бөліп алудың сіңіру техно­логиясы», 6D070900 – Металлургия мамандығы бойынша PhD докторы ғылыми дәрежесін талап ету үшін ұсынылған.

Диссертациялық жұмыс Қазақстан мен басқа да мемлекеттер үшін өзекті міндеттерді шешуге арналған. Диссертациялық жұмыстың нәтижелері Қазақстан мен басқа да мемлекеттердің уран өндірісінің өндірілген бейорганикалық сіңіргіштерді пайдалана отырып уран гидрометаллургиясында, уранды минералды шикізаттан және гидроминералды шикізаттан уранды терең бөліп алу кезінде экономикалық және экологиялық қауіпсіздігін көтеруге мүмкіндік береді.

Ғылыми зерттеулер және консультациялық жұмыстар ғылыми консультант Самойлов В.И. - (РФ) техника ғылымдарының докторы,  доктор PhD, Д. Серікбаев атындағы ШҚМТУ аға оқытушысы (Қазақстан), шетелдік ғылыми консультанттар Зеленин В.И. – техника ғылымдарының докторы, Ресейдің Бірінші Президенті Б. Ельцин атындағы Урал федералдық университетінің профессоры (Ресей), Рыспаев Т.А. – хабилиттенген техника ғылымдарының докторы, Клаусталь Техникалық университетінің приват-доценті (Германия).

Диссертациялық жұмыстың мақсаты техногенді гидроминералдық шикізаттан табиғи түрлендірілген сорбенттерді қолданып уранды сіңіру арқылы бөліп алу технологиясын әзірлеу.         

Жұмыстың практикалық маңыздылығы:  

Зерттеу көзіне сәйкес ерітінділерді сіңіру арқылы ураннан тазарту және бір мезетте уран концентратын алу:

1) АҚ «ҮМЗ» уран өндірісінің қалдық ерітінділері;

2) ЖШС «Қазмырыш» жерасты сулары;

3) Алакөл көл суы.

Жұмыстың үлкен теориялық және қолданбалы мәні. Бірінші рет диссертацияда өңделген сіңіргіштерді және гидроминералды, техногенді шикізаттан уранды бөліп алу кезінде оларды қолдану режимдерін ескере отырып, берілген шикізатты ураннан терең тазарту мүмкіндігі және бір мезетте құрамында бірнеше пайыз (масс.) ураны бар сіңіргіштерді алу. Техникалық жаңалығы Ресей ФИПС ойлап шығаруға өтінімдер бойынша формальды сараптамалардың және анықтамалық ізденімдердің оң нәтижелерімен дәлелденген.

4.1.2. Диссертация тематикасының ұлттық мемлекеттік бағдарламалармен, сонымен қатар бағыттық Республикалық және аймақтық ғылыми және ғылыми-техникалық бағдарлаламалармен байланысы.

Садуақасова Айгүл Талғатқызының диссертациялық жұмысы НАК «Казатомпром» жоспарлық ғылыми-зерттеу жұмыстарына сәйкес, уран шикізаттық көзін кеңейтуге және уран өндірісінің экологиялық қауіпсіздігін көтеруге орындалған.

4.1.3. Қарастырылған жұмыстардың, ұсыныстардың, ғылыми жұмыстардың нәтижелерін енгізу кезінде нақты ғылыми нәтижелерді қолдану деңгейін талдау.

Жұмыс материалдары Қазақстанда, жақын жəне алыс шетелдерде 23 жарияланымдармен баспаланды. ҚР СБҒКК БжҒМ РК негізделген жарияланымдарда 8 статья (сонымен қатар Scopus деректер көзіне кіретін Ресей ғылым Академиясының журналында 1 статья). Диссертация материалдары Халықаралық ғылыми конференцияларда – 15 баяндама, сонымен қатар 2 баяндама жеке (авторларсыз). Ресей ФИПС экспертизада ойлап шығаруға 4 өтінім. «Минералдық жəне техногендік шикізаттан уранды, бериллийді жəне литийді бөліп алудың технологиясы» атты тақырыпта «STARTUPTOUR 2016 ж. 1 туры бойынша» «Өндірістік технология жəне материалдар» (номинация басқармасы Фонд «Сколково», Ресей), сонымен қатар «Минералдық жəне техногендік шикізаттан сирек металдарды бөліп алудың мəселелерін технологиялық шешу» (номинация басқармасы Автономдық Кластерлік Фонд «Инновациялық Технологиялар Паркі», Қазахстан) номинациясында жобаны өту туралы сертификат алынды.

 

Ибраева Гүльзира Муратбекқызы

4.1.1. Г.М. Ибраеваның жұмыс тақырыбын талдау «Аз легірленген конструкциялық болаттарды жоғары диссипациялық сипатымен жасап шығару»  6D070900 – Металлургия мамандығы бойынша PhD докторы ғылыми дәрежесін талап ету үшін ұсынылған.

Диссертациялық жұмыс материалтану саласындағы зерттеулерге арналған, демпфірлік металл материалдарын құруға бағытталған,  діріл, шу және тербелістерді бар қабілетімен сипаттамайды. Шу мен дiрiлдi бағалау үшiн болаттар мен  қорытпалардың берiктігі, пластикалық қасиеттері мүлде жеткiлiксiз. Конструкторлар мен технологтар үшiн нәтижелер қазiргi заманауи және күшейтiлген жүктемелерге тапшылық етуде, болаттар мен қорытпалардың акустикалық және шуды бәсеңдейтiн сипаттамаларының тапшылығы сезіледi. Қазiргi таңда көптеген анықтамалықтар мен болаттардың марочниктерiнде  шуды бәсеңдейтiн қасиеттері мен акустикалық қасиеттерi туралы мәлiметтер болмайды. Шуды төмендету амалдарының барлық түрі дыбыс өткiзбеудiң көмегiмен, дыбысты жұту, дара қорғанысты пайдалану жеке қорғаныста шудың терiс әсерiн төмендету үшiн жеткiлiксiз болып табылады. Сондықтан материал тану және материалдың жаңа технологиясы төңiрегiдегi металлдық материалдардың демпферлік қасиеттері ғылыми зерттеу бағыты өзектiлiкке ие болады.

Диссертациялық жұмыстың мақсаты химиялық құрамның өзгерiсi және термиялық өңдеудiң түрi арқылы  диссипация сипаттамаларын жоғарылатып шудың төмендеу жарамдылығына сынап, аз қоспалы болаттарды алғашқы тексерiстен өткізу.

Зерттеудің негiзгi міндеттері: Машиналардың бөлшектері мен  тетiктеріне арналған диссипациялық қасиеттерi жоғары конструкциялық аз қоспалы болаттарды жасауға болатын патент iздестiру жұмысын өткiзу; Стандартты аз қоспалы болаттармен бірге тәжірибелік  аз қоспалы болаттардың термиялық өңдеудiң түрiне байланысты акустикалық, дiрiлдiк және диссипация сипаттамаларын зерттеу; Химиялық құрамы мен  жиiлiк ауқымына байланысты дыбыс қысымы деңгейінің тәуелділігінің өзгеруін бағалау; Зерттелген аз қоспалы болаттардың диссипация қасиеттерiмен эксперименталдi аз қоспалы болаттардың құрылымдық ерекшелiктерiмен байланыстыру.

4.1.2. Диссертация тематикасының ұлттық мемлекеттік бағдарламалармен, сонымен қатар бағыттық Республикалық және аймақтық ғылыми және ғылыми-техникалық бағдарлаламалармен байланысы.

Диссертация тақырыбы диссертант пен ғылыми жетекшісінің бастамасымен ұсынылды

4.1.3. Қарастырылған жұмыстардың, ұсыныстардың, ғылыми жұмыстардың нәтижелерін енгізу кезінде нақты ғылыми нәтижелерді қолдану деңгейін талдау. Практикалық құндылығы және жұмыстың өтуiн стандартты маркалы аз қоспалы болаттар: 15Г, 09Г2С, 30ХРА мен жоғары демпферлі қасиеттерге ие болған марганец пен цериймен легірленген тәжірибелік аз қоспалы болаттардың акустикалық, дiрiлдi және демпферлік қасиеттерін бағалау. Жасалған аз қоспалы болаттардың маркасы мен құрамы өндiрiсте  соққы жүктеме сынайтын тетік шығаруға ұсынылған, сонымен қатар 1715000 тг /ж жоспарланған экономикалық әсермен акт- енгізу кесімі алынды.

Жалпы 22 ғылыми еңбегі жарияланған. Оның ішіндегі 7-еуі Бiлiм саласының бақылауы бойынша комитет және ғылым ҚР БҒМ  ұсынған  басылымында, оның ішінде 2 мақаласы ҚР БҒМ Scopus компанияларының нөлден жоғары импакт-факторы бар халықаралық ғылыми басылымда жарияланған, және 15 баяндама республикалық,  халықаралық ғылыми - техникалық конференцияларда баяндалды.

 

Мамбеталиева Алима Рахматуллақызы

4.1.1. Мамбеталиеваның А.Р. жұмыс тақырыбын талдау «Құрамында мыс-мышьяк бар полиметалл шикізатын кешенді қайта өңдеу технологиясын жасақтау» 6D070900 – Металлургия мамандығы бойынша PhD докторы ғылыми дәрежесін талап ету үшін ұсынылған.

Диссертациялық жұмыс жасалынған  технология қазіргі уақытта минералды шикізатты пайдаланудың кешенділігін арттыруға, сондай-ақ оны қайта өңдеудегі экологиялық қауіпсіздікке айрықша назар аударылып, талаптар күшеюде.

Мышьякты экологиялық қауіпсіз сульфидтік түрге айналдырып, конденсациялауға және мышьяксыз тауарлық мыс концентраттары мен өнеркәсіп өнімдерін алуға мүмкіндік беретін сульфидтік пироселекциялау тәсілі мыс мышьяк құрамды концентраттар мен өнеркәсіп өнімдерін қайта өңдеудің тиімді және экологиялық қауіпсіз технологияларының қатарына жатады.

Күкірттің зор реакциялық қабілетін ескере отырып, сульфидтік атмосферада қайта өңдеу үдерісін жүргізу реакциялық газдардың көлемін күрт төмендетуге, шаң айдауды азайтуға, еңбек жағдайын жақсартуға және мышьяктың улы оксидтік қосылыстарының түзілуін болдырмау есебінен қоршаған ортаны ластауға жол бермеуге мүмкіндік береді.

Ғылыми зерттеулер және консультациялық жұмыстар  Қ.И. Сәтбаев атындағы ҚазҰТЗУ «Металлургия және пайдалы қазбаларды байыту» кафедрасында және шетелдік ғылыми кеңесші техника ғылымдарының кандидаты, Ұлттық технологиялық зерттеу университеті «Мәскеу болат және балқыма институтының» «Түсті металдар және алтын металлургиясы» зертханасында доцент А.А.Комковпен бірге («МБжБИ» ҰТЗУ Мәскеу қ., Ресей) орындалды.

 Диссертациялық жұмыстың мақсатымышьякты экологиялық қауіпсіз сульфидтік түрде шығарып, пайдаға жарата отырып және тауарлық мыс өнімін ала отырып, мыс-мышьяк құрамды кендер мен концентраттарды кешенді қайта өңдеу технологиясын жасақтау.

          Жұмыстың тәжірибелік маңызы:

    - Мыс мышьяк құрамды концентраттар мен өнеркәсіп өнімдерін сульфидтік қайта өңдеудің технологиялық схемасы дайындалды.

- мыс мышьяк құрамды концентраттар мен өнеркәсіп өнімдерін элементтік күкірт булары мен бейтарап газ қоспасын пайдалана отырып, қайнаған қабатта қайта өңдеудің негізгі технологиялық параметрлері толық жасалды.

- Мышьякты айналмалар экологиялық қауіпсіз, сақтауға, көмуге немесе антисептик ретінде пайдалануға қолайлы формада алынады.

- Сульфидтеп айдау арқылы күйдіру технологиясын өзге де полиметалл материалдарды қайта өңдеу үшін пайдалануға болады.

Жұмыстың үлкен теориялық және қолданбалы маңызы бар, өйткені автормен жаңа технологиялық мыс-мышьякқұрамды кендер мен концентраттарды жартылай өнімдерге өңдеу әдістемесі іске асырылды және жасақталды.

4.1.2. Диссертация тематикасының ұлттық мемлекеттік бағдарламалармен, сонымен қатар бағыттық Республикалық және аймақтық ғылыми және ғылыми-техникалық бағдарлаламалармен байланысы.

Мамбеталиева Алима Рахматуллаевнаның диссертациялық жұмысы жобалардың келесі тақырыптары бойынша орындалды:

«Мышьякты экологиялық қауіпсіз сульфидтік формада шығару және пайдаға жарату және тауарлық алтын құрамды өнімді алу арқылы алтын-мышьяк құрамды кендер мен концентраттарды кешенді қайта өңдеу технологиясын әзірлеу» (ҒЗЖ № 1405/ГФ4, 12.02.2015 ж. № 74 келісім).  (2015-2017 жылдарға), Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым Министрлігінің қаржыландырылатын кіші бағдарламасы шектеуінде «Ғылыми зерттеулердің гранттық қаржыландыруы», басымдығы бойынша «Шикізат пен өнімді қайта өңдеу, табиғи ресурстарды тиімді пайдалану»

4.1.3. Қарастырылған жұмыстардың, ұсыныстардың, ғылыми жұмыстардың нәтижелерін енгізу кезінде нақты ғылыми нәтижелерді қолдану деңгейін талдау.

А.Р.Мамбеталиеваның диссертациялық жұмысының нәтижелері бойынша 11 баспа жұмысында жарияланған, соның ішінде 1 – Eurasian Chemico-Technological (Skopus IF= 0.167) журналында, 4 – ҚР БҒМ БҒСБК ұсынған журналда, 4 – шетелдік халықаралық конференциялардың материалдарында, 2 – Қазақстан аумағында өткен халықаралық конференциялардың материалдарында, 1 – ҚР өнертапқыштыққа берілетін инновациялық патенті. 2016 жылдың 8 шілдеде Патентке өтінім берілді (регистрациялық нөмері – 2016/0614.1).

 

Каршигина Зәуре Байтасқызы

4.1.1. З.Б Каршигинаның. жұмысын тақырыптық талдау жұмыс тақырыбын талдау «Тұндырылған кремний диоксидін ала отырып және сирек жер металдарды бөліп алумен, құрамында кремнийі бар минералды және техногенді түзілімдерді кешенді қайта өңдеу» 6D070900 – Металлургия мамандығы бойынша PhD докторы ғылыми дәрежесін талап ету үшін ұсынылған.

Диссертациялық жұмыс қазіргі уақытта талап етілген сирек жер металдарды шығаруға және жоғары дисперсті кремний диоксидін алуға арналған. Техногендік қалдықтар – фосфор өндірісінің қождар және «Құндыбай» кен орнынан жоғары кремнийлі қиын ашылатын кен ең анағұрлым тапшы сирек жерлердің көзімен болып, шикізат ретінде пайдаланылған. Бұл шикізат түрлері жөніндегі зерттеулер тұтынушылықтағы аумайтын  өсімде болатын, бағалы компоненттердің бөлік шығарумен өзекті және мерзімді.   

Ғылыми зерттеулер және консультациялық жұмыстар шетелдік ғылыми консультант философия докторы (Ph.D), Сулейман Демирель атындағы университетінің профессоры (Түркия) Ата Утку Акчилмен бірге орындалды.

Диссертациялық жұмыстың мақсаты сирек жер металды шығара отырып және тұндырылған кремний диоксидін ала отырып, «Құндыбай» кен орнындағы кенді және фосфор өндірісінің қождарын кешенді қайта өңдеу әдістерін әзірлеу болып табылады.

Жұмыстың тәжірибелік маңыздылығы:

- алынған өңдемелер негізінде жаңа өндірістерді құру өндірілетін өнімнің көлемі мен номенклатурасын кеңейтуге, экспортқа бағдарланған өнімді шығаруға, жаңа жұмыс орындарын құруға мүмкіндік береді;

- алынған нәтижелер фосфор өндірісінің қождарынан тұндырылған кремний диоксиді мен ЖСМ концентратының жанама өндірісін ұйымдастыруға қажетті мәліметтерді береді;

- алынған зерттеу нәтижелері «ақ күйе» сияқты кеңінен қолданылатын минералды толтырғыштың Қазақстандағы өндірісін ұйымдастыру үшін қолданылуы мүмкін, сонымен қатар әлемдік нарықта сұранысқа ие сирек жер металл өнімдерін алуды қамтамасыз етеді;

- фосфор қожын қайта өңдеу технологиясын жүзеге асыру өндіріс саласына қазіргі уақытта  қайта өңделмейтін және фосфор зауыттары орналасқан аудандарда ауқымды жер телімдерін алып жатқан фосфор қождарын қатыстыру есебінен Қазақстанның оңтүстік аймақтарындағы экологиялық хал-аһуалды сауықтыруға мүмкіндік береді.    

Жұмыстың үлкен теориялық және қолданбалы маңызы бар, өйткені автормен сульфатты күйежентектің су сілітісіздендірудің мен форсфорлы кождың азот қышқылды  ашудың үрдістердегі кинетикалық заңдылықтың зерттеулер өткізілген. Бұлардың нәтижелері гидрометаллургиялық үрдістер теориясына пайдалы болуы мүмкін. Тұндырылған кремний диоксиді мен сирек жер металдардың концентраты сияқты зор қолдануы бар өнімдерді алу технологиясы құрылған.     

4.1.2. Диссертация тематикасының ұлттық мемлекеттік бағдарламалармен, сонымен қатар бағыттық Республикалық және аймақтық ғылыми және ғылыми-техникалық бағдарлаламалармен байланысы.

Каршигина Зәуре Байтасқызының диссертациялық жұмысы ҚР БҒМ-нің ғылым қорындағы мемлекеттік гранттардың шегінде келесі тақырыптары бойынша орындалған:

1) «Тұндырылған кремний диоксиді мен сирек-жер металдарды ала отырып, Құндыбай кен орнындағы кенді қайта өңдеу технологиясын әзірлеу» (ҒЗЖ № 1554 ГҚ/4, келісім № 203/25 12.02 2015 жылдан);

2) «Тұндырылған кремний диоксидін, құрылыс материалдарын ала отырып және бағалы компоненттерді жанама түрде шығара отырып, фосфор өндірісінің қождарын кешенді қайта өңдеу» (ҒЗЖ №1220 ГҚ/4, келісім № 203/14 12.02 2015 жылдан).

4.1.3. Қарастырылған жұмыстардың, ұсыныстардың, ғылыми жұмыстардың нәтижелерін енгізу кезінде нақты ғылыми нәтижелерді қолдану деңгейін талдау.

Диссертациялық жұмыстың нәтижесі бойынша Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігінің Білім және ғылым саласындағы бақылау комитеті ұсынған журналдарда 4 мақала, Thomson Reuters (Minerals Engineering) деректер базасына кіретін журналда 1 мақала жарияланды. Жұмыстың негізгі ережелері мен нәтижелері 14 халықаралық конференцияларда, мәжілістерде, Конгресстер мен Симпозиумдарда ауызша баяндамалар түрінде баяндалды.

Техникалық шешімдердің жаңашылдығын 23.06.2016 жылы «Ұлттық зияткернлік меншік институты» ҚР № 29419 патентін беру арқылы растады. Өнертабысқа бір өтініш берілді № 2015/0770.1.    

 

Акимбекова Маржан Мырзаканқызы

4.1.1. Акимбекованың М.М. жұмысын тақырыптық талдау жұмыс тақырыбын талдау «Алюминий қорытпасының құрылымы мен қасиетіне қарқынды пластикалық деформацияның әсері» 6D071000 – Материалтану және жаңа материалдар технологиясы мамандығы бойынша PhD докторы ғылыми дәрежесін талап ету үшін ұсынылған.

Диссертациялық  жұмыс белгілі үздіксіз орнақтарда жұқа жолақтарды жаймалаудың қолданып жүрген технологиялары және белгілі жаймалау орнақтарында алюминий қорытпаларын жаймалаған кезде, олардың құрылымының қалыптасу заңдылықтары саналады. 

Ғылыми зерттеулер және консультациялық жұмыстар шетелдік ғылыми консультант техника ғылымдарының докторы,профессор Хенрык Дыямен бірге орындалды. Қазіргі заман деңгейінде диссертацияның тақырыбы бойынша ғылыми зерттеулер жасау үшін Университеттің және POLITECHNIKA CZESTOCHOWSKA (Czestochowa, RZECZIOSIOLITA POLSKA) инженерлік зертханасында орналасқан бірегей физикалық аспаптар мен жабдықтар қолданылды.

Диссертация тақырыбы бойынша ғылыми зерттеуді патент-лицензиялық және метрологиялық қоштау, Университеттің сәйкесті мамандарының көмегімен іске асырылды.

Жұмыстың  мақсаты: әртүрлі температурада мен деформация сұлбаларында алюминий қорытпаларының микроқұрылымын зерттеп, құрылымды жақсы ұнтақтау үшін айтылған факторлардың ең оңтайлы үйлесімін анықтап, ұсақтүйіршікті құрылымы және жоғары механикалық қасиеттері бар қаңылтырларды толқынды пішімбіліктер мен бойлық-сыналы орнақтарда илемдеудің режімдерін негіздеу саналады. 

Тәжірибелік мәні құрылымы жаңа толқынды пішімбіліктер мен бойлық-сыналы орнақта алюминий қорытпаларынан жасалған жұқа жолақтарды ыстықтай жаймалаудың температуралы-деформациялы режимдері жасалды..

Қарастырылатын ғылыми мәселенің қазіргі жағдайын бағалау

Қазіргі уақытта толқынды пішімбіліктер мен бойлық-сыналы орнақтарда алюминий қорытпаларынан жасалған жұқа жолақтарды илемдеу кезінде құрылымы мен қасиеттерінің қалыптасуының негізгі заңдылықтары зерттелмеген, құрылымның біртекті еместігін ескере отырып толқынды пішімбіліктер мен бойлық-сыналы орнақтарда илемдеудің технологиялық үрдістерінің КДК есептеу әдістемесі жүргізілмеген, толқынды пішімбіліктер мен бойлық-сыналы орнақтарда алюминий қорытпаларынан жасалған жұқа жолақтарды илемдеу кезінде дайындаманың КДК мен температурасының өзгеруінің негізгі заңдылықтары зерттелмеген, бойлық-сыналы орнақ жағдайында бөлшектеп ыстықтай деформациялағанда алюминий қорытпалары құрылымынын қалыптасу жағдайын физикалық модельдеу әдісімен зерттелмеген. 

4.1.2. Диссертация тематикасының ұлттық мемлекеттік бағдарламалармен, сонымен қатар бағыттық Республикалық және аймақтық ғылыми және ғылыми-техникалық бағдарлаламалармен байланысы.

Диссертацияның тақырыбы бойынша ғылыми зерттеудің деңгейі материалтану және жаңа материалдар технологиясы обласындағы фундаментальды ғылымның даму бағытына сәйкес келеді.

Диссертациялық жұмыс мемлекеттік бюджет қаржыландыратын тақырып бойынша орындалды: «Жоғары сапалы қаңылтырлы илемдеу үшін көп функциялы орнақтың жаңа құрылымын жобалау».  

Диссертацияның тақырыбы бойынша ғылыми зерттеуді жүргізу үшін төменде келтірілген қазіргі заманғы зертханалық аспаптар мен жабдықтар қолданылды: Carl Zeiss «Axiovert-200 MAT» оптикалық микроскопы;

-  

JNCA ENERGY (Англия) энергодисперсті спектрометрі бар JEOL (Джеол) электронды-зонды микроталдағыш;

-  

NEOPHOT 32 (Karl Zeiss, Jena) (Германия) әмбебапты микроскобы;

-  

МФС – 8 жүйесі;

-  

Gleeble 3500 – қондырғысы;

-  

МВ-01 автоматтандырылған қондырғысы;

-  

Үлгілікті дайындайтын әмбебапты зертхана.

4.1.3. Қарастырылған жұмыстардың, ұсыныстардың, ғылыми жұмыстардың нәтижелерін енгізу кезінде нақты ғылыми нәтижелерді қолдану деңгейін талдау.

М.М. Акимбекованың диссертациялық жұмысының нәтижелері бойынша 13 баспа жұмысы басылып шықты, оның ішінде 4-уі ҚР БжҚМ-нің Жоғары Аттестаттау Комитетімен ұсынылған баспаларда, 1 ғылыми мақала Scopus базасына кіретин журналда (International Journal of Chemical Sciences, IF 0,124). Казақстан Республикасының журналында 3 мақала және шетелдік басылымдар журналында 2 мақала жарық көрді. Сонымен қатар, халықаралық республикалық ғылыми-тәжірибелік конференцияларда 3 мақала ұсынылды.

 

5.    

Рецензенттердің жұмысын талдау (ең сапасыз пікірлер мысалдарымен )

 

Докторанттың аты-жөні

Рецензенттер

1 рецензенттің аты-жөні

(мамандық, ғылыми дәреже, атағы,  соңғы 3 жылда мамандығы бойынша жарияланымдар саны)

2 рецензенттің аты-жөні

(мамандық, ғылыми дәреже, атағы,  соңғы 3 жылда мамандығы бойынша жарияланымдар саны)

1

Мадижанова

Әлия Тұрсынханқызы

 

Яр-Мухамедова Г.Ш. техника ғылымдарының докторы, профессор, Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-інің «Қатты дене физикасы және сызықты емес физика» кафедрасының меңгерушісі (6D071000 – Материалтану және жаңа материалдар технологиясы мамандығы бойынша10 жарияланым)

Акишев К.У. – техника ғылымдарының кандидаты, Еуразиялық технологиялық университетінің «Электрэнергетика және техносфералық қауіпсіздік» кафедрасының доценті, (6D071000 – Материалтану және жаңа материалдар технологиясы мамандығы бойынша 6 жарияланым)

2

Ускенбаева

Алма

Мұратбековна

Протопопов А.В. техника ғылымдарының докторы, М.О. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінің профессоры (6D071000 – Материалтану және жаңа материалдар технологиясы мамандығы бойынша 5 жарияланым)

Богомолов А.В. техника ғылымдарының кандидаты,  С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінің  қауымдастырылған  профессоры  (6D071000 – Материалтану және жаңа материалдар технологиясы мамандығы бойынша 5 жарияланым)

3

Волокитина

Ирина

Евгеньевна

 

Канаев А.Т.техника ғылымдарының докторы,  С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университетінің профессорі (6D071000 – Материалтану және жаңа материалдар технологиясы мамандығы бойынша 5 жарияланым)

Мурзахметова У.А.техника ғылымдарының кандидаты,  Л.Б. Гончаров атындағы Қазақ жол-автокөлік академиясының «ТТиОП» кафедрасының профессоры, (6D071000 – Материалтану және жаңа материалдар технологиясы мамандығы бойынша 5 жарияланым)

4

Рамазанова

Райгүл

Амангельдіқызы

Луганов В.А. техника ғылымдарының докторы, Қ.И. Сәтбаев атындағы ҚазҰТЗУ «Металлургиялық үрдістер, теплотехника және арнайы материалдар технологиясы» кафедрасының профессоры (6D070900 – Металлургия мамандығы бойынша 6 жарияланым)

Найманбаев М.А. - техника ғылымдарының кандидаты, «Металлургия және кен байыту институты» АҚ-ының «Титан және сирек қиын балқитын металдар» зертханасының меңгерушісі (6D070900 – Металлургия мамандығы бойынша 5 жарияланым)

5

Садуакасова

Айгүл

Талгатқызы

Луганов В.А. техника ғылымдарының докторы, Қ.И. Сәтбаев атындағы ҚазҰТЗУ «Металлургиялық үрдістер, теплотехника және арнайы материалдар технологиясы» кафедрасының профессоры (6D070900 – Металлургия мамандығы бойынша 6 жарияланым)

Суркова Т.Ю. техника ғылымдарының докторы (05.16.02), «Жер туралы ғылымдар, металлургия және кен байыту орталығы» АҚ-ының «Асыл металдар зертханасы» зертханасының меңгерушісі. (6D070900 – Металлургия мамандығы бойынша 5 жарияланым)

6

Ибраева

Гульзира

Мұратбекқызы

Яр-Мухамедова Г.Ш. техника ғылымдарының докторы, профессор, Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-інің «Қатты дене физикасы және сызықты емес физика» кафедрасының меңгерушісі (6D071000 – Материалтану және жаңа материалдар технологиясы мамандығы бойынша 10 жарияланым)

Аубакиров Е.Г.техника ғылымдарының кандидаты, директор ТОО «Казахский институт сплавов», мамандығы 05.16.01 - «Металлтану және металдарды термиялық өңдеулер». (6D071000 – Материалтану және жаңа материалдар технологиясы мамандығы бойынша 5 жарияланым)

7

Мамбеталиева Алима

Рахматуллақызы

 

Исабаев С.М. – Қазақстан Республикасының Мемлекеттік сыйлығының лауреаты,техника ғылымдарының докторы, профессор  Ж. Абишев атындағы Химия-металлургиялық институттың «Физикалық химия және ілеспе элементтер технология» зертханасының меңгерушісі (6D070900 – Металлургия мамандығы бойынша 5 жарияланым)

Мамырбаева К.К. – Қ.И. Сәтбаев атындағы ҚазҰТЗУ сениор-лектор, Ph.D  докторы (6D070900 – Металлургия мамандығы бойынша 5 жарияланым)

8

Каршигина

Зәуре

Байтасқызы

 

Нуркеев С.С. техника ғылымдарының докторы, Қ.И. Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық зерттеу университетінің «Өндірістік экология және биотехнология» кафедрасының профессоры (6D070900 – Металлургия мамандығы бойынша 5 жарияланым)

Злобина Е.В.химия ғылымдарының кандидаты, Әль-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің «Аналитикалық, коллоидтық химия және сирек элементтер технологиясы» кафедрасының доценті, (6D070900 – Металлургия мамандығы бойынша 5 жарияланым)

9

Акимбекова

Маржан

Мырзаканқызы

 

Ашкеев Ж. А. – техника ғылымдарының кандидаты, доцент, КарГТУ (Қарағанды мемлекеттік техникалык университет) (6D071000 – Материалтану және жаңа материалдар технологиясы мамандығы бойынша 5 жарияланым)

Ногаев К.А.- техника ғылымдарының кандидаты, “Технологиялық машина және көлік” кафедрасының меңгерушісі, КарГИУ (Карағанды Мемлекеттік Индустриялық Университеті) (6D071000 – Материалтану және жаңа материалдар технологиясы мамандығы бойынша 5 жарияланым)

 

Рецензенттердің барлық пікірлері жеткілікті егжей-тегжейлі және сапалы.

 

6. Теріс шешімдер қабылданғандар бойынша ақпарат.

            Докторлық диссертацияларды қорғау процесінде 2 теріс шешім қабылданды : защитам   А.Т.Мадижанованың докторлық диссертациясын қорғау бойынша (10 дауыс берген Диссертациялық кеңес мүшелерінің 3 – қолдады , 7 – қарсы) және М.М. Акимбекованың  (11 дауыс берген Диссертациялық кеңес мүшелерінің 4 – қолдады , 7 – қарсы)

7.    

 Диссертацияны қорғауға шықпай калған докторанттар бойынша ақпарат (себебі)

 

Докторанттың аты-жөні

Оқу орны

Шифр және мамандығы

Қорғауға шықпау себебі

1

Рамазанова

Райгүл

Амангельдіқызы

Д. Серикбаев атындағы ШҚМТУ

6D070900 – Металлургия

Дәлелді себепке байланысты (жас баланың денсаулық жағдайы бойынша).

2

Ибраева

Гульзира

Муратбекқызы

Қ.И. Сәтбаев атындағы ҚазҰТЗУ

6D071000 – Материалтану және жаңа материалдар технологиясы

Дәлелді себепке байланысты (денсаулық жағдайы бойынша).

3

Садуакасова

Айгүл

Талғатқызы

Д. Серикбаев атындағы ШҚМТУ

6D070900 – Металлургия

Дәлелді себепке байланысты (денсаулық жағдайы бойынша).

 

8. Ғылыми кадрлар даярлау жүйесін одан әрі жетілдіру бойынша ұсыныстар

 

Ғылыми кеңесшілердің жұмысына (әсіресе Қазақстандық), докторанттардың, жоспарында ұсынылған тақырыптарының диссертациялық зерттеулерң және оларды басшылы ғылыми кадрларды даярлауға қойылатын талаптарды арттыру.

 

9 Бейіні бойынша доктор, PhD докторы ғылыми дәрежесін талап ету үшін қаралған диссертациялар туралы деректер

 

Диссертациялық кеңес

Шифр және мамандығы

Шифр және мамандығы

6D070900 – Металлургия

6D071000 – Материалтану және жаңа материалдар технологиясы

Қарастырудан алынып тасталған диссертациялар

2

1

Соның ішінде ДК-тен алынғандар

-

-

Рецензентерден теріс пікір алған диссертациялар

-

-

Қорғау бойынша оң шешім кабылданған диссертациялар

2

2

Соның ішінде басқа да ұйымдардан

-

1

Қорғау қорытындысы бойынша теріс шешім кабылданған диссертациялар

-

2

Соның ішінде басқа да ұйымдардан

-

-

Қорғалған диссертациялардың жалпы саны

2

2

Соның ішінде басқа да ұйымдардан

-

-

* 2 және 3 бағаналарында тек санынкөрсетесіз

 

 

 

 

 

Металлургия және материалтану

Диссертациялық кеңесінің төрағасы,

техника ғалымдарының докторы, профессор   __________________  Кенжалиев Б.К.

                                                                                             Подпись

 

Металлургия және материалтану

Диссертациялық кеңесінің ғылыми хатшысы,

техника ғалымдарының докторы, доцент            __________________ Агапова Л.Я.

                                                                                             Подпись

 

 

Болашақ