ҮКІМЕТ БАСШЫСЫ АЛМАТЫҒА КЕЛДІ

    ҚР Премьер-министрі Бақытжан Сағынтаев Алматыдағы жұмыс сапарында «Алатау» инно­вациялық-технологиялық паркі» арнайы эконо­микалық аймағында, Қазақ-Британ Техника­лық университетінің Теңіз академиясында болды.
    ҚР Премьер-министріне Теңіз академиясында 1,2 млн. АҚШ доллары тұратын, бұрғылау техно­логиясына байланысты студенттерді компьютерлік жаттықтыру бағдарламасы көрсетілді. Заманауи технология бойынша 7 күндік оқу курсы 300 мың теңге тұрады. Бұдан өзге, Үкімет басшысына Алматы қаласындағы «ақылды» бейнебақылау жүйесі мен елде алғашқы болып қолға алынған қоғамдық көліктегі «Оңай» жүйесі таныстырылды.
    Алматы қаласының әкімі Б.Байбек «Оңай» электрондық билеттеу бағдарламасының оңтүстік астанада толықтай орындалғанын баяндады.

Алматы қ., 09.02.2017, Алматы ақшамы, http://almaty-akshamy.kz/2017/02/09/%D2%AF%D0%BA%D1%96%D0%BC%D0%B5%D1%82-%D0%B1%D0%B0%D1%81%D1%88%D1%8B%D1%81%D1%8B-%D0%B0%D0%BB%D0%BC%D0%B0%D1%82%D1%8B%D2%93%D0%B0-%D0%BA%D0%B5%D0%BB%D0%B4%D1%96/
Автор: Нұрлан СҮЙІН

Болашақ