Алғыс хат

     Қазақстан Рреспубликасының Тұнғыш «Президенті - Елбасының кітапханасы» мемлекеттік мекемесінің ұйымдастыруымен өткен «Әлемді өзгертетін идеялар» атты екі күндік семинар-тренинг ұйымдастырылды. Аталмыш шара жас ұрпақтың бойында Қазақстан тарихы туралы білім аясын кеңейтетін және қазақстандық патриотизм құндылықтарын қалыптастыруға ықпал ететін Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті - Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың концептуалдық идеялары мен жаһандық бастамаларын оқып үйрету мақсатында өтті. И. Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық зерттеу университетінің 25 белсенді студенттері 2017 жылдың 22-23 ақпан күндері қатысып белсенділік таныты. Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың идеяларын өскелең ұрпақ арасында ілгерлетуге бағытталған «Қазақстан жолы: Мәңгілік Ел» тақырыптары бойынша Елбасы кітапханасының «Әлемді өзгертетін идеялар» семинар-тренингін іске асыруға ықпал етіп, шынайы қызығушылық көрсеткеніңіз үшін зор алғысымызды білдіреміз. Шәкірттеріңіз білім шыңынан көріне бергей, денсаулығыңыз мықты, еңбегіңіз жемісті болсын!

Қазақстан Республикасының Президенті Кеңсесінің Бастығы, ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасының кітапханасы директорының міндетін атқарушы М. Қасымбеков.

ББИ

Болашақ