Тағдырлары бөлек- жасөспірімдер

Қазақ - жетімін де, жесірін де жылатпаған, өзгеге телміртпеген халық. Дегенмен, қатал заман талабы ма?! Әлде, адамдар бойынан мейірімділік, бауырмалдық қасиеттердің азаюынан ба, қай өңірде де тастанды балалар саны бүгінгі таңда азаймай отыр. Бала бауыр етіміз, жас ұрпақ – алтын діңгегіміз дегендей 25.02.2017 жылы Қ.И. Сәтбаев атындағы ҚазҰТЗУ-дың «Экономика және бизнес» институтының 2-3 курс студенттері және профессорлық оқытушылар құрамы- Талғар қаласының «Нұр» балалар үйіне барып, жасөспірімдерге концерт пен әртүрлі ойындар көрсетіп балалардың көңілдерін бір көтеріп қайтты. Институт және кафедралар мен студенттер атынан берген тәтті- тағамдар мен сый- сияпатарды балалар өз өнерлерін көрсетіп алды. Балалардың тағдырлары бөлек, жүректері нәзік болады. Сондықтан жасөспірімдерді қолдайық, қорғайық, қамқор болайық.

Болашақ