Ғылыми - практикалық конференция "Студент және ғылым"

    Ақжан Машани атындағы базалық білім беру институтының Ағылшын тілі кафедрасы «Студент және Ғылым» атты екінші ғылыми-практикалық конференциясын өткізеді, аталмыш шарада бакалавриаттың барлық мамандықтарының 1-3 курс студенттері өз баяндамаларын ортаға салады. Студенттер конференциясының қорытындылары бойынша қатысушыларға сертификаттар, сондай-ақ жеңімпаздар дипломдар мен бағалы сыйлықтарға ие болады.
    Белсенді түрде қатысуға ниет білдірген барлық студенттерді конференцияға шақырамыз.
    Өтетін орны: Алматы қаласы, Сатпаев көшесі 22а, Мұнай корпусы (конференция залы)
    Өтетін уақыты: сәуірдің 7-ші жұлдызы, 2017 жыл МК конференция залында сағат 10.00-да пленарлық мәжіліс өтеді.
    1 секция: МК конференция залы, сағат 10.30-да
    2 секция: НОК, 819 ауд., сағат 10.30-да
    Конференция тілдері: ағылшын, неміс, қазақ, орыс, француз
    Конференция жұмысы төмендегі бағыттар бойынша жоспарланып отыр:
    I.Мәдени-аралық қарым-қатынас. Секция төрайымы: Ершіманова Д.О. Секция модераторы: Когабаева А.М. Хатшысы: Аманқұлова З.И.
    Қазіргі әлемдегі заманауи технологиялар Секция төрайымы: Әжібекова Г.Д. Секция модераторы: Оспанова Д.М. Хатшысы: Кәкімова Ж.К.
    

Материалдардың ресімделу талаптары

ББИ

Болашақ