ҚазҰТЗУ Досым Сүлеевтің мерейтойын атап өтті

    7 наурыз күні Қ. И. Сәтбаев атындағы ҚазҰТЗУ-да профессор, ҚазҰТЗУ-нің Құрметті ректоры, техника ғылымдарының докторы, ҚР ҰҒА-ның академигі, талантты музыкант, қазақтың атақты «Дос-Мұқасан» ансамблінің негізін қалаушылардың бірі, әрі оның алғашқы жетекшісі Досым Сүлеевтің 70 жылдық мерейтойы аталып өтті.
    Досым Қасымұлын айтулы датамен құттықтауға мемлекет және қоғамдық орындар өкілдері, көптеген достары, одан тәлім алған түлектері келді.
    Мерейтойға арналған салтанатты жиынды Қазақстан Республикасы Ұлттық Ғылым академиясының президенті Мұрат Жұрынов жүргізді.
    Жиында ҚазҰТЗУ Ректоры Ескендір Бейсембетовтың атынан Ректор аппаратының басшысы Берік Мықтыбаев құттықтау сөз сөйлеп, мүшелтой иесіне зор денсаулық, жемісті еңбек тіледі.
    Ал әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-нің Ректоры Ғалымқайыр Мұтанов Досым Қасымұлына университеттің Алтын медалін табыс етті.
    Құрметті профессорлар, академиктер Б. Ракишев, Е. Шайхутдинов, Д. Кішібеков, А. Әшімов мерейтой иесін шын жүректен құттықтап, жылы-жылы тілек білдірді.

Толығырақ

Болашақ