Халықаралық ғылыми-практикалық конференция

    «Тау-кен металлургия кешенінің инновациялық дамуын
ғылыми және кадрлық қамту» Халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциясын Ұйымдастыру комитеті сіздерді 2017 жылдың 27-28 сәуірінде конференцияға шақырады.
     Конференцияға қатысу үшін ғылыми-педагогикалық қызметкерлер, докторанттар, магистранттар, студенттер және қарастырылып отырған мәселелер бойынша қызығушылық танытқан барлық адамдар шақырылады.
    Конференция тау-кен металлургия саласында, экономика, тау-кен игеру кәсіпорындары мен отын-энергетикалық кешенінде кәсіби кадрлар даярлаудың инновациялық ғылыми тәсілдерін дамыту, оларды насихаттау және кәсіптік білім беруге енгізу мәселелеріне арналған.
    Конференция мақсаты - инвестициялық және инновациялық қызметте стратегия құру бойынша отандық және шетелдік тәжірибе жинақтау; республика дамуында басым бағыттарды орындауға арналған ресурстық, кадрлық, нормативті-құқықтық және ұйымдастырушылық қамсыздандыруды анықтау, тау-кен кешенін дамыту бойынша ұсыныстарды қалыптастыру.
    Конференцияны өткізу қазақстандық геомеханика мектебінің негізін қалаушы, көрнекті ғалым А.Ж. Машановтың 110 жылдығы және ҚазПТИ тау-кен факультетінің деканы, доцент Шрубко Софья Алексеевнаның 100 жылдық мерейторларына орайластырылған.
    Конференция жұмысы келесі бағыттар бойынша жүргізіледі:
    •Пайдалы қазба кен орындарын кешенді игеру, жер қойнауын тиімді пайдалану және жер қойнауын қорғау, тау-кен және металлургия кешенін инновациялық дамыту үшін кадрларды даярлау;
    •Маркшейдерия және геомеханика саласында А.Машанов идеясының дамуы;
    •табиғи ресурстарды басқаруда геокеңістіктік мәліметтерін жинау және өңдеудің инновациялық технологиялары;
    •Пайдалы қазба кен орындарын игеруде кешенді механизациялау;
    Металлургия және пайдалы қазбаларды байыту.
    1.«Тау-кен кодексін қабылдау аясында Қазақстанда KAZRC минералды ресурсы мен қоры туралы қоғамдық есептілік кодексін жүзеге асыру» тақырыбына дөңгелек үстел.
    Модератор: Еньшин Николай – SRКConsultingKazakhstanLtd бас директоры.
    2. «Білім сапасын жақсарту және бәсекеге қабілетті түлектерде ТКМК дамуын озып өтетін құзыреттіліктерін қалыптастыру» тақырыбына дөңгелек үстел.
    Модератор: Елемесов Касым Коптлеуевич – «Технологиялық машиналар және жабдықтар» кафедрасының меңгерушісі, доцент. т.ғ.к.. Дөңгелек үстел Ө.А.Байқоңыров атындағы ТКМИ жанында әрекет ететін Консультациялық кеңес аясында ұйымдастырылады.
    Конференцияны өткізу орны: Алматы қаласы, Сәтбаев көшесі 22, Қ.И.Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық зерттеу университеті, Мұнай корпусының конференц-залы, 1 қабат.
    Жұмыс тілі: қазақща, орысша, ағылшынша.
    Координатор: Ормамбекова А.Е., е-mail: mmi_34@mail.ru. Байланыс телефоны: 8 (727) 257-70-64, 8 (701) 761 26 18.

МАТЕРИАЛДАРДЫ БЕРУ ШАРТТАРЫ МЕН ТАЛАПТАРЫ
ТІРКЕУ ФОРМАСЫ

ТКМИ

Болашақ