Құрметті әріптестер, студенттер, докторанттар мен магистранттар!

    Сіздерді Ұлыстың Ұлы мерекесі – әз Наурыз мейрамымен шын жүректен құттықтаймын! Бұл – барша жұрттың асыға күтетін, бірлік пен ынтымаққа, татулыққа, ауызбіршілікке шақыратын жалпыхалықтық мереке. Сондықтан оны Қазақстанның көп ұлтты халқы да жыл сайын асыға күтеді. Өйткені 22 Наурыз – Жаңа жыл басы!
    Наурыз мейрамы – жаңару мен жасарудың, барша дүниенің жаңа бір күйге енуінің бастамасы әрі сұлулық пен әдеміліктің символы, адамзат бойына ерекше бір жаңа құлшынысты сезім беретін мереке. Бұл күні өкпе-назы барлар бір-біріне кешірім жасаған, сөйтіп, мәмілеге келген, ортақ дастарханнан дәм татып, жақсы тілектерін айтқан.
    Ұлыстың осынау Ұлы күні барлықтарыңызға қуаныш пен береке, ынтымақ пен бірлік, отбасына амандық, еңбекте зор табыс тілеймін!

Құрметпен, Ректор Е.Қ.Бейсембетов

Болашақ