«Жастар – Қазақстанның болашағы» атты дөнгелек үстел

    Базалық білім беру институтында өтіп жатқан Сыпайлық семестрі аясында қазақ және орыс тілдері кафедрасы «Жастар – Қазақстанның болашағы» атты дөнгелек үстел өткізді. Бұл шараға «Академический русский язык» және «Продвинутый русский язык» пәндерін оқитын 1-курстың 17 студенті қатысты. Дөңгелек үстелді институт директоры Д. Куралханов ашты.
    Дөңгелек үстелді жүргізген студенттер Тұрсынай Орынкүл, Бекқұлан Мықтыбай, Нұрпатша Сейдахмет. Студенттер баяндамаларының тақырыбы жан-жақты болды. 1-орынды ӨИИ студенті Марғұлан Әден алды. 2-орынды ӨИИ студенті Мағжан Қанапия қанжығасына байлады. 3-орынды ТКИ студенті Анар Бексұлтан иеленді. Сонымен қатар ТКИ студенттері Эльвира Туашева, Сандира Айтмағанбетова және Әсемгүл Тынысбекова, СжҚИ студенті Алтынай Қасымбек, ЖТИ студенті Майра Жақанның баяндамалары атап өтілді. Студенттер сыйлықтармен марапатталды. Шараны қорытындылаған қазақ және орыс тілдері кафедрасының меңгерушісі А. Үдербаев.
    Дөңгелек үстелді ұйымдастырған студенттердің ғылыми-зерттеу жұмысына жауапты Н. Танкиева, Т. Павлова және Р. Барқыбаева.

ББИ

Болашақ