ҰЛЫБРИТАНИЯДА ТАҒЫЛЫМДАМАДАН ӨТУГЕ АРНАЛҒАН БАЙҚАУ ҚАЗАҚСТАНДА БАСТАЛДЫ

    27 наурыз күні Шахмардан Есенов атындағы ғылыми білім беру қоры химия, мұнай-газ ісі және ілеспе ғылымдарын үйренушілерге арналған жаңа бағдарламаны ашады. Байқаудың бес жеңімпазы 2017 жылы жазда Ұлыбританияда тағылымдамадан өтуге мүмкіндік алады. Тағылымдама Біріккен Корольдіктің қашықтықтан оқыту (e-learning) бағытына атсалысып келе жатқан ең ірі зерттеу институты – Open University-де өтеді.
    Программа открыта для бакалавров, магистрантов, докторантов и действующих специалистов в таких областях, как химия, экология, биотехнология, нефтегазовое дело, материаловедение и технология новых материалов, химическая технология неорганических веществ, химическая технология органических веществ, безопасность жизнедеятельности и защита окружающей среды, нефтехимия, наноматериалы и нанотехнологии.
    – Мы ждем в конкурсе участия молодых, продвинутых современных и свободно говорящих по-английски казахстанцев, изучающих химию, нефтегазовое дело или уже работающих в этих областях экономики, – сообщила исполнительный директор фонда Айганым Малишева. – Таким образом наш фонд содействует тому, чтобы талантливые ребята, двигающие казахстанскую науку не оставались без поддержки, росли профессионально, развивая научный потенциал страны. Победителей в нашем конкурсе будет пять, – добавила она.
    Бағдарлама химия, экология, биотехнология, мұнай-газ ісі, материалтану және жаңа материалдар технологиясы, бейорганикалық заттардың химиялық технологиясы, органикалық заттардың химиялық технологиялары, тіршілік қауіпсіздігі және қоршаған ортаны қорғау, мұнай-химия, наноматериалдар және нанотехнологиялар салаларының бакалавр, магистрант, докторлары және осы салаларда жұмыс істеп жатқан мамандар үшін ашық.
    – Біз конкурсқа химия, мұнай-газ ісін оқып жүрген немесе осы салаларда жұмыс істейтін жас, озық әрі заманауи және ағылшын тілінде еркін сөйлейтін қазақстандықтардың қатысуын күтеміз, – деп хабарлады қордың атқарушы директоры Айғаным Малишева. – Осылайша біздің қор қазақстандық ғылымды дамытатын дарынды балаларға қолдау көрсетіп, олардың кәсіби біліктілігін дамытып, еліміздің ғылыми әлеуетін көтеруге жәрдемдеседі. Байқаудың жеңімпаздар саны бесеу болмақ, – деп қосты.
    Тағылымдама Біріккен Корольдіктің аталған мамандықтар бойынша ең үздік зерттеу оқу орны – Open University-де (Ашық университет) өтеді. Ұлыбритания Королевасы жарлығымен 1969 жылы Милтон Кинз қаласында құрылған университет – бүгінгі күнге дейін 1,8 млн адам бітірген елдің ең ірі оқу орны болып табылады. Қазіргі күнде онда 170 мыңнан астам студент білім алуда. Қор виза, сақтандыру, әуемен ұшу, тәжірибеден өту барысында 3 ай бойы күнкөріс және тамақтану шығындарын төлейді. Демеушілік көмек бағдарламаның бенефициарларына қайтарымсыз беріледі.
    –Бағдарламаның ерекшеліктеріне байланысты құжаттар тек ағылшын тілінде қабылданады. Конкурс екі кезеңде өтеді. Бірінші кезеңде біз келіп түскен құжаттармен және эссемен танысамыз, олардың арасынан үздіктерін таңдап, Британияға, Open University профессорларына жібереміз. Жеңімпаздарды таңдау Британ тарабының құзырында қалады. Олар «Скайп» немесе телефон арқылы берген сұхбат бойынша іріктейді, – деді бағдарлама үйлестірушісі Ильзира Алдагарова.
    –Бағдарлама туралы ережені және конкурстық өтінімді осы жерден табуға болады. Өтінімде ізденушілер бірден тиісті тағылымдаманы таңдауы үшін, профессорлар мен олардың ғылыми жұмыстары тақырыптарының тізімі көрсетілген. Өтінімдерді қабылдау 23 сәуір, сағат 23.59-ға дейін жүзеге асырылады.
    –Конкурстың нәтижесін қор 2017 жылдың 23 мамырына дейін yessenovfoundation.org сайтында жариялауды көздеп отыр.

ГжМГИ

Болашақ