Олимпиада жүлдегерлері

АО «ҚР БҒМ бекіткен шаралар аясында «Университет Нархоз» 2017 жылғы 20 ақпан 28 наурыз аралығында «Экономика», «Есеп және аудит», «Қаржы», «Бағалау», «Статистика» мамандықтары бойынша ІХ Республикалық студенттік пәндік олимпиада өткізді. Олимпиаданың 1 турынан ҚР мемлекеттік және мемлекеттік емес ЖОО-нан әр мамандық бойынша ең мықты 10 командадан, оның ішінде біздің 5В050900 «Қаржы» және 5В090800 «Бағалау» мамандықтарының командалары да өткен. Шешуші турда Қ.И. Сәтпаев атындағы ҚазҰТЗУ-нің «Бағалау» мамандығы бойынша «Cash flow» командасының қатысушылары Шопен Анель, Ғалым Азиза, Сагиндыков Бағлан ғылыми жетекшісі э.ғ.к., ассистент профессор Ж.Т. Дильдебаеваның жетекшілігімен 3-орын алды, және де 4 курс студенті Шопен Анель «Бағалау» мамандығының «Үздік бағалаушы» номинациясы бойынша грамотамен марапатталды. Сонымен қатар «Қаржы» мамандығы бойынша «Фьючерс» командасының қатысушылары Әбділда Ақерке, Қали Айдана, Марат Мадина ғылыми жетекшісі э.ғ.к., ассистент профессор Қ.С.Сакибаеваның жетекшілігімен «Аналитикалық шеберлік» номинациясы бойынша грамотамен марапатталды.

Болашақ