Әскери кафедрасындағы «Бір тамшы үмітінді сыйла!» қан донорының күні.

     2012 жылдың 20-21-ші қыркүйек күні Қ.И. Сәтбаев атындағы ҚазҰТУ-нің әскери кафедрасында «Бір тамшы үмітінді сыйла!» ұранымен Донор күні өтті.
      Осындай-ақ , донорлық акциялар салауатты өмір сүруді дәріптеу, донорлық әректтерін дамыту және жастар арасындағы әлеуметтік жауапкершілікті қалыптастыру жөніндегі, бір қатар стратегиялық мәселелерді шешеді.
    Студенттердің әскери-отансүйгіштікті тәрбиелеу жөніндегі ұзақмерзімді бағдарламасының негізгі құрастырушысы ретінде мұндай акциялар болып табылады. Бүдан басқа, Донор күні - студенттердің жоғары адамгершілік - мейірімділік, қайырымдылық және отансүйгіштік қасиеттерін оятып дамытады.

                    

     Акция қарсаңында студенттермен кеңінен, түсіндіру және ақпараттандыру жұмысы жүргізілді,студенттерге қанды тапсыру дайындығы туралы және тамақтандырылу мен қарсы көрсетілімдер жөнінде ұсыныстар берілді. Донор күні студенттер үшін рақымшылық акті ғана емес, ақысыз медициналық қеңес алу мүмкіндігі.
     Екі күн аралығында 264 адам донор болды (253 студент және 11адам кафедра қызметкерлері), 105,6 литр қан алматылық ауруханаларына, ондаған қазақстандықтардың өмірлерін сақтап қалуға көмек беру мүмкіндігі.
     Әскери кафедрадағы донорлық акциялар мейрімділік дәстүрге қалыптасты. Жылына екі рет, көктемде және күзде, студенттер мен әскери кафедраның қызметкерлері өз еркінмен қандарын науқас немесе зардап шеккен адамдар үшін тапсырады. «Мен қанымды әскери кафедрада үшінші рет тапсырып тұрмын, - дейді мұнай және газ институтының 3-ші курс студенті Қалыбеков Ержан. Университетті бітірген соң бұл игілікті істі ары қарай жалғастырамын, дейді.»
     Студенттердің қоғам үшін өтеусіз қызмет етуді тәрбиелеу мақсатында, Донорлық күндер болашақта ары қарай жалғастырылады.

Әскери дайындық институты

Болашақ