Ә.Бүркітбаев атындағы Өнеркәсіптік инженерия институтының директоры, техника ғылымдарының докторы, профессор. Байғұншеков Жұмаділ Жаңабайұлы

    1947 жылы 8 шілде күні Жамбыл қаласында дүниеге келді. Қазақ политехникалық институтын (ҚазПТИ) инженер-механик мамандығы бойынша үздік бітірді. ҚазПТИ-дың «Материалдар кедергісі және құрылыс механикасы» кафедрасындағы қысқа мерзімдік жұмыстан кейін ҚазМУ-ға ауысып, стажер-зерттеуші болып жұмыс атқарды, аспирантурада оқыды. ҚР ҰҒА академигі, ғұлама механик-ғалым Ө.А.Жолдасбековтың жетекшілігімен 05.12.18 – Машиналар мен механизмдер теориясы мамандығы бойынша кандидаттық (1977ж.), докторлық (1985ж.) диссертация қорғады.
    ҚР ҰҒА академигі Ө.А.Жолдасбеков атындағы Механика және машинатану институтында зертхана меңгерушісі (1980 – 1991жж.), директордың ғылым бойынша орынбасары (1991-1994жж.), институт директоры (1994-2002жж.) болып жұмыс істеді. 2000 – 2002 жылдары Қ.И.Сәтбаев атындағы ҚазҰТУ-дың Машина жасау, технология және экология институтының директоры қызметін атқарды.
    2002 жылы жаңадан ашылған Қазақ-Британ техникалық университетіне шақырылып, профессор, кафедра меңгерушісі, зерттеу жұмыстары бойынша басқарушы директор, ғылыми жұмыстар проректоры лауазымында жұмыс атқарды. «Theoretical and Applied Mechanics», «Strength of Materials», «Fundamentals of Robotics», «Industrial Robotics» курстары бойынша ағылшын тілінде дәріс оқиды.
    Ж.Ж.Байғұншеков халықаралық танымға ие, басқару жүйесі қарапайым, жайғастыру дәлдігі және жүк көтергіштігі жоғары, параллель құрылымды манипуляциялық роботтар мен механизмдердің қасиеттерін үйлестіретін RoboMech параллель манипуляторлар саласында жаңа ғылыми бағытты қалыптастырды. Шақыру бойынша профессор (visiting professor) ретінде Мидлсекс университетінде (Лондон қ., Ұлыбритания, 1996-1998 жж.), Ноттингем университетінде (Ноттингем қ., Ұлыбритания, 2000 ж.) мехатроника және робототехника саласында жұмыс істеді. IFToMM-ның (машиналар мен механизмдер теориясы бойынша халықаралық федерация) «Robotics and Mechatronics» техникалық комитетінің мүшесі, «Mechanics Engineering and Automation» (David Publishing Company, NewYork, USA) халықаралық журналының редакциялық ұжым мүшесі, ҚР ҰҒА-ның корреспондент-мүшесі (1989 ж.), толық мүшесі (академигі) (2003ж.), ҚР ҰИА-ның толық мүшесі (академигі) (1993ж.). 400-ге жуық ғылыми жұмыстары, оның ішінде 18 монография және оқу құралдары, 75 өнертабысы мен патенттері жарық көрді. Оның жетекшілігімен 05.02.18 – Машиналар мен механизмдер теориясы, 05.02.05 – Роботтар, робототехникалық жүйелер мен мехатроника, 01.02.06 – Машиналар, аспаптар және аппаратуралардың динамикасы мен беріктігі мамандықтары бойынша 9 докторлық, 20 кандидаттық диссертация қорғалды.
    1978-1983 жылдары В.И.Ленин атындағы Қазақ политехникалық институтында оқыған. 1983 жылы осы аты аталған институттың машина жасау мамандығын бітіріп «инженер-механик» мамандығын алған. Оқу Министрінің жолдамасы бойынша итститутта жас маман ретінде ұстаздық жұмысқа қалдырылған.Ғылыми-ұстаздық еңбек жолын машина жасау факултетіндегі «Көтеріп тасымалдау машиналары және гидравлика» кафедрасында инженерлік жұмыстан бастады.
    1986 жылы техника ғылымдарының докторы, Ресей көлік академиясының академигі, профессор белгілі ғалым –ұстаз Серғазы Ахметұлы Жиенқұловқа аспирантураға түсіп 1990 жылы бітірді.1991 жылы «Құрылыс, жол және көтеріп тасымалдау машиналары» мамандығы бойынша техника ғылымдарының кандидаты деген ғылыми атаққа ие болу үшін ғылыми жұмысын қорғады.
    Жоғарғы аттестация комиссиясының шешімі бойынша 1993 жылы осы мамандық бойынша доцент атағы берілді.
    2008 жылы « Құрылыс, жол және көтеріп тасымалдау машиналары» мамандығы бойынша докторлық жұмысын қорғады. 2011 жылы Білім және ғылым министірлігінің бақылау комитетінің шешімімен осы мамандық бойынша профессор атағы берілді.
    Ғылыми-ұстаздық еңбек жолы қарапайым инженерден,ассистент,мұғалім, аға мұғалім, доцент,профессор деген лауазымға дейін көтерілді.
    2010 жылы наурыз айынан 2011 жылдың қыркүйек айына дейін университеттің оқу ісін ұйымдастыру департаментінің директоры қызметін атқарды.
    2011 жылдың қыркүйек айынан Ә.Бүркітбаев атындағы «Өнеркәсіптік инженерия» институтының директоры.
    Тұрдалиев Ә. 100 ден аса ғылыми жұмыстары мен оқу-әдістемелік жұмыстары жарық көрген сонымен қатар 10 нан аса авторлық куәліктің иесі. «Айрықша еңбегі үшін», «Үздік түлек» ордендерінің иегері сонымен қатар университет басшыларының бірнеше мақтау қағаздарымен марапатталған.
    Жарты ғасырлық ғылыми-педагогикалық кәсіби тәжірибесі бар В.И.Ленин атындағы Қазақ политехникалық институтының қабырғасынан қадам басқан, қазіргі Қ.И.Сәтбаев атындағы Қазақ Ұлттық техникалық университетінде Машина жасау факультеті 1977 жылы құрылған. Осы факультеттің тұңғыш деканы Еңбек ері, Ұлы Отан соғысының ардагері, Қ.И. Сәтбаев атындағы ҚазҰТУ-нің құрметті профессоры Мейрам Құрманғалиұлы Құрманғалиев.
    2000 жылы факультет Машинажасау, технологиялар және экология институты болып өзгертіліп, 2003 жылғы сәуірден ҚазҰТУ құрамында Машинажасау институты қайта құрылды.
    2011 жылдың шілде айынан бастап ҚазҰТУ құрамы өзгертілді. Машинажасау институтының құрамына «Полиграфия өндірісінің машиналары мен технологиясы» кафедрасы қосылып институт Ә.Бүркітбаев атындағы Өнеркәсіптік Инженерия институты болып аталды.

    Ә.Бүркітбаев атындағы Өнеркәсіптік Инженерия институты Қазақстан Республикасының экономикасын көтеру мақсатында машинажасау, мұнай-газ және металлургия салаларында жоғарғы білікті мамандарды келесі мамандықтар бойынша дайындайды:
    5В071000 – «Материалтану және жаңа материалдар технологиясы».
    5В071200 – «Машинажасау».
    5В071300 – «Көлік, көлік техникасы және көлік технологиясы».
    5В072200 – Полиграфия
    5В073200 – Стандарттау, сертификаттау және метрология
    5В073800 – Материалдарды қысыммен өңдеу технологиясы
    5В090100 – Көлікті пайдалану және жүк қозғалысы мен тасымалдауды ұйымдастыру.

    Институт халықаралық ғылыми білім беретін орталықтармен, халықаралық ұйымдармен және АҚШ, Франция, Ұлыбритания, Германия, Ресейдiң және Малайзия қорларымен қарым қатынаста. Жыл сайын жоспар бойынша шетел ЖОО профессорларын ашық дәрістер өткізуге, конференцияға қатысуға шақырады. Институттың бакалаврлары менмагистранттары ҚазҰТЗУ дың академиялық ұтқырлық бағдарламасы бойынша Портуғалия және Польшада оқу курстары өтті.

    Қыркүйек айының соңғы күндерінде Қазақстанда Машина жасаушылар дәстүрлі кәсіби мерекені- Машина жасаушылар күнін атап өтеді. Осы жылы мереке мерейтой күнімен – Машина жасау факультетінің негізін қалаушы және алғашқы деканы Құрмангалиев Мирам Құрмангалиевичтің 100-жылдығымен сәйкес келді.

    Қ.И.Сәтбаев атындағы ҚазҰТЗУ ректораты, Ә.Бүркітбаев атындағы Өнеркәсіптік инженерия институтының әкімшілігі және «БМжМӨК» кафедрасының ұжымы техника ғылымдарының докторы, Қ.И.Сәтбаев атындағы ҚазҰТЗУ құрметті профессоры Дүйсемалиев Оразғали Қындайұлының мезгілсіз қайтыс болуына ортақтасып, жақындары мен туысқандарына көңіл білдіреді.

ӨИИ

    Ә. Бүркітбаев атындағы өнеркәсіптік инженерия институтының «Сызба геометрия және инженерлік графика» кафедрасында «Сызба геометрия» пәні бойынша Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған Республикалық пәндік Олимпиада өткізілді.

ӨИИ,СГжәнеИГ кафедрасы

    20 Сәуір 2016 жылы Ә.Бүркітбаев атындағы Өнеркәсіптік инженерия институтының «Білдек жасау, материалтану және машинажасау өндірісінің технологиясы» кафедрасының меңгерушісі Сейткулов А.Р., және оқытушылар Сушкова О.А. мен Алшынова А.М. дәстүрге айналған қайырымдылық іс-шара аясында № 1 облыстық балалар үйіне барды. Кафедра жинаған қаражатымен Неміс театры кішкентай көрермендерге арналған ерекше «Маймылдар космоста» атты қызықты ертегісіне шақырылды. Қызықты және танымды көңілді маймылдар жайлы шоу, балаларға қуаныш пен жағымды эмоциялар әкелді. Мейрам балаларға тәтті-дәмділер мен сыйлықтар ұсынумен аяқталды.

ӨИИ, СМ және ТМП кафедрасы