Жоғары оқу орнына дейінгі дайындық бөлімі

     Жоғары оқу орнына дейінгі дайындық − бұл Қ.И.Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық университетінде жемісті білім алу іргетасын қалау мүмкіндігі. Мұндай мүмкіндікті Жоғары оқу орнына дейінгі дайындық бөлімі ұйымдастырады және үйлестіреді.
     Жыл сайын ҚазҰТУ-да:

  1. математика
  2. физика
  3. Қазақстан тарихы
  4. қазақ және орыс тілдері
  5. химия

пәндері бойынша дайындық курстары жүргізіледі

     Дайындық курстарының мақсаты − тыңдаушыларды Университет бағдарламаларының пәндерін игеруге дайындау. Жастарға кәсіби бағдар беру, білімдерін жетілдіру және ҰБТ-ны жақсы тапсыру мақсатында тыңдаушыларға ЖОО-ның жоғары білікті оқытушылары тәлім береді.

 

Болашақ