Құрметті докторанттар, магистранттар және студенттер!

    Біздің Университет 80 жылдық тарихты артқа тастап, сонау Тау-кен металлургия институтынан бастап, Қ. И. Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық зерттеу университетіне дейін дамып, бүгін, міне, жаңа оқу жылын жаңаша мәртебеде бастағалы отыр.
    Бұл оқу жылы біреулер үшін соңғы оқу жылы болса, оқуға енді ғана түскен cтуденттер үшін алғашқы, әрі ең қиын да қызықты оқу жылы болмақ.
    Сіздерді шын жүректен құттықтаймын! Сіздер Қ. И. Сәтбаев атындағы ҚазҰТЗУ-дың студенті атандыңыздар! Енді сіздер – біздің үлкен де ұйымшыл ұжымымыздың, рухы бөлек, аты аңызға айналған Политехтың бір бөлшегісіздер!
    Еліміздің келешегі – сіздердің қолдарыңызда!

Құрметпен, ҚазҰТЗУ ректоры Бейсембетов Искандер Қалыбекұлы

Болашақ