Ескерткіш-тақта ашылды

    1991 жылғы 16 желтоқсан күні Қазақстан Республикасының Жоғарғы Кеңесі Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігін салтанатты түрде жариялаған еді. Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаев «ҚР мемлекеттік Тәуелсіздігі туралы» Конституциялық Заңға қол қойды.
    Осынау тарихи оқиғаға байланысты Қазақ-Британ Техникалық университетінде ескерткіш-тақта ашылды. Алматы қаласының әкімі Бауыржан Байбек барша қала тұрғындарын осынау ұлық мереке – ел Тәуелсіздігінің 25 жылдығымен құттықтады.
    – Дәл осы жерде 1991 жылғы 16 желтоқсан күні ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаев ҚР Жоғарғы Кеңесінің он екінші шақырылған VІІ сессиясының пленарлық отырысына қатысып, онда «ҚР мемлекеттік Тәуелсіздігі туралы» Конституциялық заңның жобасы талқыға түскен еді.
    Осынау тарихи оқиғаның куәсі болған ғимарат қабырғасында ел Тәуелсіздігі туралы Заңның қабылданғанын айқындайтын тақтаны ашқалы отырмыз, – деді қала әкімі.
    Осыдан кейін шаһар басшысы Бауыржан Байбек, Алматы қаласының Құрметті азаматы Вера Сидорова, қалалық мәслихат депутаты Асылхан Төлепов ескерткіш-тақтаны ашты.

Алматы қ., 18.12.2016, Алматы ақшамы, almaty-akshamy.kz/2016/12/15/%D0%B5%D1%81%D0%BA%D0%B5%D1%80%D1%82%D0%BA%D1%96%D1%88-%D1%82%D0%B0%D2%9B%D1%82%D0%B0-%D0%B0%D1%88%D1%8B%D0%BB%D0%B4%D1%8B/
Рая ЕСКЕНДІР

Болашақ