Ақпараттық технологиялар департаменті

   Ақпараттық технологиялар департаменті университеттің ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымын құру және дамыту мақсатыда ұйымдастырылған.
   Ақпараттық технологиялар департаментінің негізгі міндеттері мен мақсаттары:

  • университетті ақпараттандырудағы стратегиялық бағдарламаларды жобалау және жүзеге асыру, бағдарламалық және техникалық компьютерлік құрылғылар мен желілерді сатып алу және қолданудағы бірыңғай техникалық саясат жүргізу;
  • университеттің "Политех" компьютерлік ақпараттық жүйесінің (ары қарай КАЖ "Политех") құрама жүйелерін құру, жетілдіру, қолданысқа енгізумен қоса, жергілікті және жалпы университеттік INTERNET-ке шығуымен компьютерлік желілерді және бірлескен, жергілікті және салалық ЭЕМ желілерін іске қосу (сонымен қатар ЖОО-мен, РҚ білім және ғылым министрлігімен, ҚазҰТЗУ-мен қарым-қатынастағы басқа да ұйымдармен);
  • университетті басқарудағы және оқу процессіндегі ақпараттық технологияларды жетілдіру және әрі қарай дамыту;
  • университетте ғылыми зерттеулерді және оқу процесін ақпараттандыру бойынша әдістемелік жұмыстарды басшылыққа алу және координациялау, классификаторларды және нормативтік-анықтамалық ақпараттарды бірегейлендіру, ақпараттандыру саласындағы жоғары оқу орнының және салалардың стандарттарын енгізу, институттық, институтаралық, кафедралық компьютерлік зертханаларда ДК техникалық және программалық қамтамаларын иемдену және қолдану;
  • РСМЖ сапа менеджмент жүйесі бойынша басшылығында баяндалған «Ақпараттық-телекоммуникациялық қызмет көрсету (АТҚ)» процедурасын сапалы түрде орындалуын қаматасыз ету;
  • желілік құрылғылар, сканерлер, принтерлер, көшіру-көбейту аппараттар және т.с.с. ақпараттық-телекоммуникациялық құрылғыларды (АТҚ) техникалық және жүйелік қызмет көрсету;
  • университеттің бірыңғай компьютерлік желісін құру мақсатында жобалау-монтаждау жұмыстарын жүргізу.

   АТД құрамы::
    - Желілік технологиялар бөлімі. Бөлім бастығы – Бондаренко А.;
    - Компьютерлік техникаға сервистік қызмет көрсету бөлімі. Бөлім бастығы – Серікбаев Т.;
    - Оқу процесін автоматтау бөлімі. Бөлім бастығы – Жөнкешова А.;
    - Web және мультимедиялық технологиялар бөлімі. Бөлім бастығы– Аманқұлова А.;
    - Серверлер және деректер базасына әкімшілік ету. Бөлім бастығы – Жидебай А.

АТД директоры

Мустафина Аққыз Құраққызы
Ақпараттық технологиялар департаментінің директоры,
т.ғ.к, доцент, ХАА академигі
e-mail: amustafina@ntu.kz
Тел.292-68-36, ішкі.7456

   1986 ж. Қазақ мемлекеттік университетінің «Математика» мамандығын оқып бітірді. 2009ж. 05.13.01 – Ақпаратты өңдеу, басқару және жүйелі талдау мамандығы бойынша кандидаттық диссертация қорғады.
   Еңбек жолын КСРО -ның аспап жасау, автоматтау құралдары мен басқару жүйесі министрлігінің «Системотехника» ҒӨБ-те бастады. Жұмысы кезінде КСРО жетекші түрлі-түсті кәсіпорындары–Балқаш, Жезқазған ТКМК, Өскемен титан магний комбинатына, ОртаУрал металлургия зауытына (Ревда қ.), «Электроцинк» зауытына (Владикавказ қ.), Рязань тәжірибе-метталлургия зауытына және т.б арналған бағдарламалық қамтамасыз етуге қатысты, содан кейін оны басқарды.
   1991жылдан ҚазККА аға оқытушысы, бағдарлама тілі, мәліметтер базасы жүйесін және т.б курстарды жүргізді. Алматы темір жолы локомотив депосында штаттағы жұмысшылардың аватоматты жұмыс орнын, «Қазақмыс» корпорациясының материалдық-техникалық қамтамасыз ету ақпараттық жүйесін жасау жұмыстарын басқарды.
   1998ж. Қ. И. Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық университетіне технологиялық үрдісті және өндірісін автоматтандыру кафедрасының аға оқытушы болып ауысты, одан кейін оқу-әдістемелік департаментінің ақпараттандыру бойынша орынбасары, ақпараттық-компьтер орталығының, Тіркеу кеңсесінің директоры болып тағайындалды. Корпоративтік желідегі оқу үрдісін, ЖОО басқа бағыттарын қамтыған компьтерлік-ақпараттық жүйенің бірқатар кіші жүйесін жасаумен, енгізумен айналысты.
   «Политех» КАЖ, сайттарын, білім порталын,техникалық сала маандарын мемлекеттік тілге үйретудің аралық мультмедиа кешенін жасауға жетекшілік етті. ҚазҰТЗУ-дағы соңғы студенттер үлгерімінің тестік-рейтингтік жүйесін жаңарту, кредит технологиясын енгізу авторларының бірі.
   Екі мәрте КазҰТУ-дың «Айрықша еңбегі үшін» медалімен марапатталды. За особые заслуги в 2009ж. «ҚР білім саласының құрметті қызметкері» омырау белгісімен, университет электронды порталын әзірлеудегі жаңашылдығы үшін ҚР ЖОО ассоциациасының Ахмета Байтұрсынов атындағы «Үздік автор» медалімен наградталды.
   40-тан астам ғылыми-әдістемелік еңбегі, оның ішінде «Кредит технологиясымен оқыту жағдайындағы ҚазҰТЗУ-дың оқу порталы. Теориядан тәжірибеге» деп аталатын 1 оқу құралы бар.

Болашақ