ТҮЛЕКТЕРМЕН ЖҰМЫС ЖӨНІНДЕГІ БАСҚАРМА (ТЖЖБ)

    

    ТЖЖБ құрылымдық бөлімше ретінде 2008 ж. қыркүйекте ректордың бұйрығымен құрылды.

    ТЖЖБ негізгі міндеті Түлектер ассоциациясын және Қамқоршылық кеңесін құру, Қамқоршылық кеңесінің тұрақты негізде сондай-ақ мерейтойлық шараларды өткізу бағдарламасы негізінде жұмысын ұйымдастыру және үйлестіру. Түлектердің мәліметтер банкін, түлектер туралы ақпараттық материалдар жасау, бұрынғы жылдар түлектерімен кездесулер ұйымдастыру және ақпараттық қолдау. БЖЖБ-ның негізгі міндеттерінің бірі 2010 және одан арғы жылдардағы түлектермен, «Алумни» ассоциациясы мүшелерімен байланыс және олардың кәсіби жоғарылауына қолдау көрсету болып табылады.

    ТЖЖБ жұмыс бағдарламасында мыналар белгіленген:

  • Ассоциацияның Қамқоршылық кеңесі жұмысына қатысуы, түлектер бастамасына 80-жылдық мерейтой қарсаңында салтанатты және түрлі іс-шараларды өткізу аясында қолдау көрсету;
  • ҚазҰТЗУ-да өткізілетін шараларды ұзақ мерзімді жоспарларға сәйкес ақпараттық және жарнамалық қолдау;
  • Ассоциация бөлімшелерін Қазақстанда, таяу және шеткері шет елде құру және ашу;
  • түлектердің баспасөз органын ашу (шығу мерзімі жылына екі рет);
  • Университет түлектерінің, оқытушылары мен қызметкерлерінің еске алу альманағын жасау;
  • Басшылықтың қайта жасалған нормативті құжаттарына сәйкес директивтік нұсқауларын (2008-2011жж. арналған ұжымдық келісімі., Қ.И.Сәтбаев атындағы ҚазҰТЗУ-ды дамытудың 2008/2009-2010/2011оқу жылына арналған бағдарламасы, Б-029-03-2008, Қ.И.Сәтбаев атындағы ҚазҰТЗУ-дың «Кадрлар» бағдарламасы, Б-029-04-2009), «Қ.И.Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық зерттеу университеті» шаруашылықты жүргізуге құқығы бар республикалық мемлекеттік кәсіпорын регламентін орындау және оны жүзеге асыруға қатысу;
  • ТЖЖБ күнтізбелік жұмыс жоспары бойынша ассоциация қызметін үйлестіру;
  • Осы жылғы және бұрынғы жылдар түлектерімен тұрақты кездесу ұйымдастыру.
Болашақ