Инженерлік профилді зертхана

Қ.И. Сәтбаев атындағы ҚазҰТЗУ инженерлік бейін зертханасы (ИБЗ) ҚР БҒМ 2007жылғы 15 наурыздағы “Инженерлік бейін зертханасы ашылатын жоғары оқу орындарын анықтау туралы ” және ҚР БҒМ Ғылым комитетінің 2007 жылғы 29 мамырындағы “Инженерлік бейін зертханасы ашылатын жоғары оқу орындары үшін ғылыми жабдықтарды бекіту” бұйрықтарына сәйкес 2007жылдың тамыз айында ректордың бұйрығымен құрылды.

Миссиясы

Ғылыми зерттеулер деңгейін жоғарлату және ғылыми-техникалық кадрлар даярлауды әлемдік деңгейге жеткізу үшін Қазақстанда қабылданған жоғары білім және іргелі ғылым интеграциясы тұжырымдамасының аясында ҚазҰТУ ИБЗ-ның басты міндеті - “Ғылым және инновация арқылы білім алу” тұжырымдамасына белсене атсалысу.

Мақсаты

Қ.И. Сәтбаев атындағы ҚазҰТЗУ ИБЗ-ның негізгі мақсаты университеттің ғылыми инфрақұрылымын және материалдық-техникалық базасын модернизациялаумен қатар, ғылым және инновациялық технологиялардың дамуына бағытталған Бағдарламалар мен Жобалардың іске асуын әлемдік деңгейде қамтамасыз ету.

Зертхананың міндеттері:

  • ғылымды дамытудағы негізгі басымдылықтары бойынша ғылыми зерттеу жұмыстарын жүргізу,
  • био- және наноматериалдарды, композиттерді синтездеудің технологиясын өңдеу,
  • мұнай және газ, металлургия, машина жасау, экология, биоматериалдар және жер ғылымдары аясын дамыту,
  • жоғары білікті ғылыми және инженер мамандарды даярлау.

Кадр құрамы

Татыханова Г.С. — х.ғ.к., зертхана жетекшісінің орынбасары, Ермолаев В.Н. — х.ғ.к., жетекші маман, Сеитов А.С. — жоғары дәрежелі квалификациялы маман, Турсунова Р.Т. — жоғары дәрежелі квалификациялы маман.

Ғылыми зерттеу жұмыстарының бағыттары

  • Кеш сатыда өндірілетін кен орындарындағы мұнай өндірісін жоғарлатуға бағытталған полимерлік суландыру техналогиясын коммерциализациялау.
  • Компазициялық гидрогелді материалдар мен технологияларды әзірлеу.
  • Көмірсутек шикізаттарын өңдеу үшін нанокатализаторларды және ағынды каталитикалық реакторларды әзірлеу.
  • Механоактивациялық өңделген, тұтқыр жоғары парафинді мұнай және мұнай қалдықтарының механизмін, оның ішінде олардың реологиялық және физико-химиялық қасиеттерін зерттеу.

Мекен жай:
050013, Алматы қаласы, Сәтбаев көшесі 22, Қ.И. Сәтбаев атындағы ҚазҰТЗУ Технопарк ғимараты, 12
Инженерлік профилді зертхана
Тел./факс: 8 (727)-292-50-80
Эл. Почта: skudai@mail.ru
Инженерлік профилді зертханасының жетекшісі х.ғ.д., профессор Құдайбергенов Сарқыт Елекенұлы.

Болашақ