НЕГІЗГІ ҒЫЛЫМИ БАҒЫТТАР

     ҒЗЖ-ны бағыттауды таңдаудағы саясат ұлттық және әлемдік артықшылыққа сәйкес келетін ҒЗЖ-ның тарихи қалыптасқан бағыттарын сақтау мен дамыту қағидаларына негізделеді. Бұл қағида ғылым мен инновация саласында университетті стратегиялық дамытудың мақсаттары мен міндеттерінің негізінде жатыр. Университеттің ҒЗЖ бағыттарының әлемдік және ұлттық артықшылыққа сәйкес келуі кестеде келтірілген.
     Кесте – 2010-2014 жылдарға ҚазҰТУ-дың ғылыми зерттеулері мен инновацияларының өзектілігі

Іргелі және қолданбалы зерттеулер
Ғылыми-техникалық инновациялар
Қазақстан ғылымын дамытудың артықшылықтары
ГПФИИР бойынша Қазақстан экономикасының басым секторларына арналған
  1. Энергетика – 20 жоба.
  2. Табиғи байлықтарды тиімді пайдалану, шикізат пен өнімдерді қайта өңдеу – 29 жоба.
  3. Ақпараттық және телекоммуникациялық технологиялар – 15 жоба.
  4. Өмір туралы ғылым – 2 жоба.
  5. Елдің интеллектуалды әлеуеті – 25 жоба.
  1. Мұнай газ секторы – 3 жоба.
  2. Тау кен-металлургия секторы – 31 жоба.
  3. Химиялық өнеркәсіп – 10 жоба.
  4. Машина жасау – 6 жоба.
  7. Құрылыс индустриясы – 1 жоба.
  8. Ақпараттық және телекоммуникациялық технологиялар – 15 жоба.
  9. Альтернативті энергетика және ғарыш қызметі – 20 жоба.
  10. Әлеуметтік-гуманитарлық сала – 5 жоба.
Жаһандық қауіп-қатер
ГПФИИР және ГПИИР-2 бойынша Қазақстан экономикасының басым және инновация секторларына арналған
  1. Жаһандық азық-түліктік қауіпсіздік – 1 жоба.
  2. Су тапшылығы – 11 жоба.
  3. Жаһандық энергетикалық қауіпсіздік – 7 жоба.
  4. Табиғи байлықтардың таусылуы – 43 жоба.
  5. Үшінші индустриялық революция – 28 жоба.
  6. Өркениетіміздің құндылық дағдарысы – 1 жоба.
  1. Ақпараттық және телекоммуникациялық технологиялар – 45 жоба.
  2. Альтернативті энергетика және ғарыш қызметі – 22 жоба.
  3. Түсті металлургия – 28 жоба.
  4. Қара металлургия – 11 жоба.
  5. Мұнай өңдеу – 8 жоба.
  6. Мұнай-газ химиясы – 4 жоба.
  7. Химиялық өнеркәсіп – 22 жоба.
  8. Құрылыс материалдарын өндіру – 12 жоба.
  9. Тау-кен өнеркәсібіне арналған машина мен жабдықтарды өндіру – 31 жоба.v   10. Электр машиналары және электр жабдықтарын өндіру – 6 жоба.
  11. Мұнай өңдеу және мұнай өндіруге арналған машиналар мен жабдықтар өндіру– 2 жоба.

     Ғылыми зерттеулер мен инновациялардың таңдалып алынған бағыттарымен сәтті жұмыс істеу, сапа менеджменті саласында әрекет етуші заңдар мен нормативтік құжаттардың нормативті-құқықтық талаптарын сақтауға негізделген ғылым мен инновация саласында университеттің сапа менеджменті жөніндегі Саясаты мен мақсатын сақтаудың арқасында қамтамасыз етілген. Дәлірек айтқанда, ҚазҰТУ-дың ғылыми және инновациялық қызметі ҚР ГОСО 5.03.011–2006 ережесіне, ИСО 9001:2008 талаптарына, ENQA (жоғары білім беру саласында сапаны қамтамасыз етудің Еуропалық желісі) Стандарттары мен директивтарына, «Ғылым жөніндегі» Қазақстан Республикасының жаңа Заңына (18 ақпан 2011 жыл, №407-IV ҚРЗ), сондай-ақ республиканың басқа да заңдары мен нормативті-құқықтық актілеріне негізделген және өзектендірілген «Қ.И.Сәтбаев атындағы ҚазҰТУ-дың ғылыми және инновациялық қызметі» мен университеттің 12 ішкі нормативтік құжаттарының құжатталған процедураларының ережелерімен ұйымдастырылған және реттелген.

Болашақ