Студенттік ғылым

    Студенттердің ғылыми-зерттеу жұмысы

Мақсаты мен міндеті:

      ҚазҰТУ-дың студенттерінің ғылыми-зерттеу жұмысы жоғары маманды инженерлік және ғылыми-техникалық кадрларды даярлауда негізгі бөлімнің бірі болып табылады. СҒЗЖ ғылыми-зерттеудің теориясы мен тәжірибесіне, әдістемелігіне, жаратылыс пен техникалық ғылымдар саласында қазіргі заман жетістіктері негізінде арнаулы пәндерді терең оқуына және араласуына, студенттердің творчестволық өздік істерін жоғарылатуға мүмкіндік береді. Ғылыми-зерттеу жұмыстарына белсене қатысу – студенттердің негізгі ғылымдарды өте жақсы қабылдауына мүмкіншілік туғызады, олардың ғылымдық, техникалық және әлеуметтік ой-өрісін кеңейтеді, жаңа идеяларды өз бетімен меңгеруге үйретеді.

СҒЗЖ негізгі міндеттері:

  • Студенттерді творчестволық және ғылыми жұмысқа даярлауды және біріге оқытуды жүзеге асыру;
  • Студенттердің ғылыми-зерттеу жұмыстарын дамыту, бақылау және қолдау;
  • Студенттердің творчестволық, өзіндік мүмкіншіліктерін өздері жүзеге асыру және ашу үшін жағдай жасау;
  • Ғылыми жұмысқа студенттердің қатысу нәтижесін жоғарлату және көпшілігін кеңейту;
  • Ғылыми жұмысқа қабілеттілік танытқан студенттердің арасынан ары қарай магистратурада оқуы үшін, ғылыми және педагогикалық мамандарды толықтыру үшін талантты жастарды іріктеу.

СҒЗЖ негізгі түрлері: Ғылыми семинарлар, конференциялар, республикалық олимпиадалар, инновацияалық және ғылыми-зерттеу жұмыстары бойынша республикалық конкурстар, шаруашылық келісімшарт және мемлекеттік бюджеттік ҒЗЖ жасауына қатысу, патенттік жұмыс, көрмелерде қатысу, интелектуальды дебаттық турнирлерде қатысу.

СҒЗЖ нәтижесі

 СҒЗЖ нәтижесі төмендегі көрсеткіштермен көрсетілген

ҒЗЖ-на қатысу

  Есеп беру жылы қаржыланған ғылыми-зерттеу жұмыстарына 667 студент қатысты, олардың 667– ақылы. Студенттер фундаментальді, қолданбалы және шаруашылық/келісім бойынша тақырыптарда лаборант болып ғылыми зертттеулерге қатысады.

Студенттердің өнертапқыштық жұмысы

   Ғылыми-зерттеу жұмыстың негізгі элементі болып теория және технологиямен студенттерді таныстыратын және олар жүргізілген зерттеулердің маңызы мен жаңалығын бағалайтын патенттік-ақпараттық зерттеулер болып табылады. Осы бағытта 2013 жылы студенттердің қатысуымен 6 қорғаулы құжаттар мен 3 өтініш қабылданды. Алынған 6 патентте 11 студент авторлас.

 Конкурстық ғылыми жұмыстарына қатысу
   2013 жылдың наурыз айында ҚазҰТУ 9 базалық бөлімі бойынша Қазақстанның әр түрлі жоғары оқу орнынан 118 жұмысы ұсынылған студенттердің үздік ғылыми жұмысына Республикалық конкурс өтті. ҚазҰТУ студенттері ұсынған 30 жұмыстан 20 жұмыстың авторлары - 33 студент ҚР БжҒМ дипломымен марапатталды..

Ғылыми-техникалық конференциялар, форумдар және басқа да шараларға қатысу

  Студенттердің ғылыми-зерттеу жұмыстарының маңызды кезеңі институт бойынша жыл сайын студенттердің ғылыми-техникалық конференциясының өтуі. Есеп жылы бойынша студенттік ғылыми конференция 2013 жылдың сәуірінде студенттердің 500 баяндамасы тыңдалған 8 институт бойынша өткізілді. Үздік баяндамалар мақтау қағазымен марапатталып, ҚР БжҒМ-нің келесі жылғы республикалық конкурсына ұсынылды.

Халықаралық, Республикалық конкурс және олимпиада жеңінпаздары

Университеттің өнертапқыш жұмысының қатысушылар тізімі: студент, магистрант, докторант

Болашақ