Көркем шығармашылық

  • Студенттер Альманағы
  • ҚазҰТУ көктемі
  • Жетістіктері
  • Мерекелік іс-шаралар
  • Галерея
  • Жетістіктері

     

    Жоғары дәрежедегі өнер көрсету және шығармашылық жетістіктері үшін көркемөнерпаздар коллективі аудандық, қалалық, республикалық конкурстар мен фестивальдердің жеңімпаздары атанды, атап айтсақ Бостандық ауданының «Студенттер көктемі» мен «Соғыс жылдарының әндері» фестивальдерінің Гран-При иегері, қалалық «Алматы – жастар қаласы», «Ұлттық Дельфийлік ойындары» фестивальдерінің, «Патриоттық әндер» байқауының, Республикалық шығармашыл жастар мен студенттерінің «Жас толқын» (Павлодар – 2006, Талдықорған - 2007) фестивальдерінің Гран-При иегері. «Технар-Политех» КВН командасы Республикалық сайыстардың бірнеше дүркін жеңімпазы болса, «Ханшайым» бишілер тобы Республикалық «Жас толқын» фестивалінің Гран-при иегері, Бүкіләлемдік студент жастар фестивалінің 1-ші дәрежелі лауреаты (Қрым, Ялта-2007), Халықаралық «Шабыт-2008» фестивалінің дипломанты атанды.

    Қалалық, аудандық байқаулардың бірнеше дүркін жеңімпазы Университеттің халық аспаптар оркестріне әр түрлі аспапта ойнайтын 100-ге жуық өнерпаз студенттері қатысады.

    Хор капелласының құрамы жылдан-жылға еселенуде. Қазіргі таңда 500-ден астам студент пен қызметкерлер – хор мүшелері.

    Драма үйірмесінің қойылымдары «Қыз-Жібек», «Еңлік-Кебек», «Екі жүрек» университетте ерекше бағаланды.

    Көркемөнерпаздар үйірмесіне Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген қайраткері Жанас Бекентұров, Мемлекеттік «Дарын» сыйлығының лауреаты Райхан Қалиолдина, Светлана Акбарова сынды белгілі өнер майталмандары жетекшілік етеді. Студент жастардың талантын ашып, шығармашылық табыстарға жетуіне Көркемөнер шығармашылығы бөлімінің мамандары  зор үлес қосуда.

     

    Университетте өткізілетін дәстүрлі мерекелік іс-шаралар:

     -       «Білім күні»;

    -       «Студенттер қатарына қабылдау»;

    -       «Қазақстан халқының Тілдер апталығы»;

    -       «Жайна, жастық!» атты эстарадалық ән байқауы мен «Інжу-маржан» атты дәстүрлі әндер байқауы;

    -       «Тәуелсіздік күні»;

    -       Университет КВН лигасының Чемпионаты мемлекеттік және орыс тілдерінде;

    -       «Наурыз» мейрамы;

    -       «ҚазҰТУ көктемі» көркемөнерпаздар фестивальі;

    -       «Сәтбаев күндері»;

    -       «Самғау» атты үздік түлектер фестивалі.

     

Болашақ