БАҚ біз туралы

Француз елшісі Қ.И. Сәтбаев атындағы ҚазҰТУ-де болды

     Францияның Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті елшісі  Жан-Шарль Бертоннэ бүгін Алматыдағы Қ.И. Сәтбаев атындағы ҚазҰТУ-де болды.

Шайбалы хоккейден Азиада чемпион атанған қыздар құрамасы ҚазҰТУ-да болды

    Бүгін 7-Қысқы Азия ойындарында әйелдер арасында шайбалы хоккейден чемпион атанған Қазақстан құрамасының спортшылары Қ. Сәтбаев атындағы ҚазҰТУ-дың студенттерімен кездесті.

«Шеврон» ҚазҰТУ-дың 60 студентіне стипендия бөлді

    Бүгін Қ. Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық университетінде «Шеврон» компаниясының 2010-2011 оқу жылындағы ҚазҰТУ-дың техникалық мамандықтарына арналған стипендиялық бағдарламасының 60 жеңімпазына сертификаттар тапсыру рәсімі болды.

Халықаралық ынтымақтастық және дамыту жөніндегі Түркия басқармасының мүшелері ҚазҰТУ-да болды

Бүгін Түркия Республикасы Үкіметі жанындағы Халықаралық ынтымақтастық және дамыту жөніндегі Түрік басқармасының мүшелері (TIKA) Қ.И. Сәтбаев атындағы Қазақ Ұлттық техникалық универсиеті өкілдерімен кездесті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Техникалық университеттегі супер компьютер орталығының ашылуына да Елбасының тікелей қамқорлығы себепкер болып отыр - Ж.Түймебаев

Қаныш Сәтбаев атындағы ҚазҰТУ-да бүгін ашылып отырған ғылыми орталық елімізде бұрын-соңды болмаған.
Бұл жайында ҚР Білім және ғылым министрі Жансейіт Түймебаев аталмыш университеттегі «Ұжымдық ақпараттар қолдану және космостық технологиялар ұлттық ғылыми зертхана» орталығының тұсаукесер рәсімі барысында айтты.

Ұлттық бірыңғай тестілеу басталды

Бүгін ҚР Білім және ғылым министрі Жансейіт Түймебаев Қаныш Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық университетінде орналасқан ҰБТ тапсыру пунктінде болды.
Министр жауапты науқан қарсаңында ата-ана және БАҚ өкілдерімен кездесіп, түлектерге сәттілік тіледі, деп хабарлады аталмыш министрліктің баспасөз қызметінен.
Сонымен қатар білім ведомствосының басшысы 2010 жылғы мектеп бітіруші 138 162 баланың 110 118-і ҰБТ тапсыруға өтініш білдіргенін айтты. Тестілеу маусымның 4-10-ы аралығында 154 пунктте (49 қала мен 105 аудан орталығы) өткізіледі.

Алматыда Қазақстан-Француз білім орталығын құру туралы өзара келісімге қол қойылды

«Бүгін Алматыдағы Қ. Сәтбаев атындағы ҚазҰТУ-да аталмыш оқу орны мен Франция Білім министрлігі және «Шнейдер Электрик Қазақстан» ЖШС арасында энергетика мен электр техникасы және Schneider Electric техникалық қызмет көрсетуінің автоматты жүйесі саласында Қазақстан-Француз білім орталығын құру туралы өзара келісімге қол қойылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Болашақ