Жаңалықтар

«Білімді мыңды жығады»

      2010 жылы 11 қарашада әл-Машани атындағы жоғары технологиялар және тұрақты даму нститутының химия кафедрасында құрылған «Жас ғалым» студенттік клубының «Білімді мыңды жығады» сайысы өтті. Сайыс қазақ халқының ата-заманымыздан келе жатқан әдет-ғұрыпымыз бен салт-дәстүрімізді дәріптейтін мақал-мәтелдерге арналған.

Дүниежүзілік бейбітшілік пен өркендеуге арналған ғылым күні

     2010 жылдың 11 қарашасында БҰҰ-ның Ақпараттық орталығында (Төле би к., 67, Чайковский к. қиылысы, кіру Қазыбек би к.) Дүниежүзілік бейбітшілік пен өркендеуге арналған ғылым күні арналған ғылым күніне баспасөз мәслихаты өтті.
 

Құттықтаймыз!!!

      Ө.А Байқоңыров атындағы тау-кен институтының 2 - курс студенті Кішкенебаев Нұржан Байдуллаұлы «Қазақстан» ұлттық телеарнасындағы жоғарғы оқу орындары арасында өткен «Сөзмерген» тіл-танымдық бағдарламасына қатысып, 2-орын алды.

Профессорлар мен студенттердің ЕҚЫҰ саммиті қарсаңындағы кездесуі

      Үстіміздегі жылы 10-қарашада Ө.А Байқоңыров атындағы тау-кен институтының ұйымдастыруымен «Әріптес» ҒӨБ конфедерациясының жетекшісі, т.ғ.д. профессор, халықаралық ақпараттандыру академиясының академигі Л. Ахметовамен және профессор А.Цеховоймен кездесу өткізілді. Оқытушылар мен студенттер қатысқан бұл шара ЕҚЫҰ-дағы Қазақстан төрағалығы және жақында өткізілетін мемлекет басшыларының жетекшілері Саммитіне арналды.

Дипломдық жобаларының байқау-конкурсы

    2010 жылдың 30 қазанында КазБСҚА-ның спортзалында студенттердің дипломдық жобаларының  байқау-конкурсы өтті. «Сәулет», «Дизайн», «Құрылыс» мамандықтарына арналған студенттік жұмыстар бағаланды.
    Осы байқау-конкурсқа қатысқан, жүлделі орындарға ие болған  050729 «Құрылыс»мамандығының студенттерін және де олардың жетекшілерін құттықтаймыз:

Интернет-емтихан

    2010 жылдың 29 -қазанда    ҚазҰТУдың 316 КОҒ дәрісханасында 4 курс ҒжҚНЖЕ (РПЗС)-07-1р тобының студенттеріне интернет-емтихан болып өтті.
    «Құрылыс өндірісінің технологиясы», «Құрылыс конструкциялары 2», «Сәулет» пәндеріне арналған интернет-емтиханда жақсы нәтиже көрсеткен студенттерді құттықтаймыз:

«Жас жұлдыз»

      2010 жылы 3 қараша күні Жолдасбеков атындағы Студенттер Сарайында Алматы қаласы әкімдігінің, Алматы қаласы Жастар саясаты жөніндегі басқармасының, Алматы қаласы Жастар саясатын дамыту мемлекеттік қоры, «Жастар шығармашылығын қолдау орталығы» қоғамдық қорының және Қ.И.Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық университетінің қолдауымен Алматы қаласында «Жас Жұлдыз» атты жастар шығармашылық фестивалі өз мәресіне жетіп, Гала-Концерті өтті.

Cтуденттік театрлар арасында республикалық фестивалі

      2010 жылы 25-27 қазан күндері Т. Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясы және «Жас Отан» жастар қанаты, «Заңғар» шығармашылық бірлестігінің ұйымдастыруымен Алматы қаласында алғаш рет ҚР Халық әртісі, профессор Асқар Тоқпановтың 95 жасқа толуына орай, студенттік театрлар арасында республикалық фестивалі өтті.

Абай Құнанбайұлының 165 жылдығы

     Үстіміздегі жылы 5-қарашада Ө.А Байқоңыров атындағы тау-кен институтының ұйымдастыруымен қазақтың ұлы ақыны Абай Құнанбайұлының 165 жылдығына  арналған «Абай деген...» тақырыбында шағын әдеби-кеш өткізілді. Кеште ұлы ақынның өлеңдері, әндері және қара сөздері оқылды. Концертте тау-кен институтының профессорлары, оқытушылары, студенттерімен қоса шақырылған қонақтар қатысты.  Қазақ зиялыларына арналған игі-шараларымыз дәстүрлі түрде жалғасып отырады.

"Автоматика негіздерінен" бейнекурсы

     ҚазҰТУ оқу порталындағы “Пәндердің электронды материалдары” бөлімінде 5В0716- Аспап жасау мамандығының студенттеріне арналған профессор К.С. Шолановтың «Автоматика негіздері» пәніне бейнекурсы салынды.

Болашақ