Жаңалықтар

«Petrobilim» Халықаралық зияткерлік сайысы

4-5 - қазанда Қ.И. Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық университетінің мұнай ғимаратында «Petrobilim» Халықаралық зияткерлік сайысы өткізілді. Бұл сайыста біздің ЖОО-ның 8 тобы және шет елдің жүздеген сайыскерлері қатысты.

Сайысқа қатысушылар мұнай және газ кен орындарының игеру және пайдалануға беруді виртуалды симулятор түрінде көрсетті. Симуляторды игеру үшін геофизика, геология, бұрғылау бойынша білім және кәсіпкерлік дағды талап етілді.

Жаңа кітап жарық көрді

     Университеттің Ғылыми-техникалық баспа орталығынан журналист, ақын Жақсылық Жүнісұлының «Даналықты тану» атты ғылыми-зерттеу және афоризмдер еңбегі жарық көрді.
     Ғылыми зерттеулері қазақ халқының ұлт ретінде тіршілік кештіріп отырған өмір сүру жүйесі хақындағы ойлы мақалалар ретінде басылған.

ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ!

     Конкурс жеңімпаздары: 2010-2012 жылдарға арналған «Қазақстан Республикасындағы наноғылымды және нанотехнологияны дамыту» ғылыми-техникалық бағдарламасы бойынша – МжПИ Түсті металдар металлургиясы кафедрасының меңгерушісі, техн.ғыл.д-ры, профессор Дәулетбақов Тимур Суванұлын

«Менің діни сенімім»

2010 жылдың 8 қазанында тау-металургиялық ғимаратының акты залында Алматы қаласы орталық мешітінің наиб-имамыны Мади Ахметов және Әль-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың ғылым-дінтанушы, ф.ғ.к. доценті Бейсенов Багдат Кабылдаулы мен Нұр-Мубарәк медресесінің магистранты Абдуаин Сейдмухамедтің қатысуымен «Менің діни сенімім» атты тақырыбына пікір-алыс кездесу өтті.

Адам Мицкевич атындағы Польша университетінің бір топ өкілі ҚазҰТУ-ға келді

Таяуда Адам Мицкевич атындағы Польша университетінің бір топ өкілі Қ.Сәтбаев атындағы ҚазҰТУ-ға келді. Сапардың басты мақсаты – А. Мицкевич университетін жақынырақ таныстыру. Оны білім ордасының ғылыми мен халықаралық қарым-қатынастар жөніндегі проректоры Яцек Виткось өткізді.

«IT-ПЛАНЕТА 2010» студенттік олимпиадасы халықаралық деңгейге шықты

Ақпараттық технологиялар саласындағы «IT-ПЛАНЕТА 2010» халықаралық студенттік олимпиадасы өз жұмысын 1-ші қыркүйектен бастады. Осы жылы олимпиаданың ресейлік қатысушыларына Украинадан және Қазақстан Республикасынан да студенттер қосылды, олар олимпиаданың тұрақты бес номинациясы бойынша сайысады:«программалау», «ПҚ қолдану және әкімшілік ету», «желілік жүйелер және құрылғылар», «сандық шығармашылық» және «инновациалық жобалар».

Италиядағы халықаралық жылдық курстар туралы

     Милан қ-ның  Лекко  қалашығында орналасқан  Политехникалық университетiнiң инженерлік істер  департаментi қолданбалы инженерия орталықтарының үздігі болып табылады.  Оқу орны  «Қатерлерді  азайтуға арналған азаматтық құрылыс» тәуекел- менеджменті  бойынша халықаралық мастерлікті ұсынады.

Қызметкерлерге арналған тренингтік курстар туралы

     Қытай ғылым және технология министірлігінің халықаралық қатынастар бөлімі автоматтандыру және ақпараттық технология саласындағы мамандарға арналған арнайы ағылшан тілінде тренинг дайындыққа таңдау жүргізілуі жөнінде хабарлайды.     Қатысушыларғы арналған міндеттемелер:

Қ.И.Сәтбаев атындағы ҚазҰТУ жанындағы «Ақпараттық және ғарыштық технологияны ұжымдық пайдаланудың ұлттық ғылыми зертханасын» таныстыру

       Қазақстан Республикасының ғылымды дамыту жөніндегі Мемелекеттік бағдарламасын жүзеге асыру және Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың елде 15 ғылыми зертхананы ашу жөніндегі тапсырмасын орындау аясында Қ.И.Сәтбаев атындағы ҚазҰТУ конкурста жеңіп шығып, «Ақпараттық және ғарыштық технологияны ұжымдық пайдаланудың ұлттық ғылыми зертханасы» жобасын табысты жүзеге асырды.

Халықаралық «Болашақ» өкiлдерiмен кездесу

Барлық қатысам деушілерге! 2010 жылдың 2-маусымында сағат 11-00 мұнай ғимаратының конференция залында (1- қабат) халықаралық «Болашақ» бағдарламасы орталығы өкілдері Қ.И. Сәтбаев атындағы ҚазҰТУ қызметкерлерімен

Болашақ