Жаңалықтар

ҚазҰТЗУ-да "Эмоционалдық Интеллект" атты мастер-класс өтті

     14 қараша күні сағат 15.00-де акт залында «Рекрутиг және мансап» бөлімінің ұйымдастыруымен «Эмоционалды интеллект "ЭК": тағдырыңды басқар" атты мастер-класс өтті.

АкМД

«ПОЛИТЕХ-КБТУ» құрама командасы футзал бойынша Ұлттық Студенттік Лиганың финалында (күз—қыс)

    Қарашаның 13 жұлдызында «Политех-КБТУ» құрама командасы Ұлттық Студенттік Лигасы бойынша финалға енді.

Спорт ұжымы

Қ.И.Сәтбаев атындағы ҚазҰТЗУ студенттері Алматы қаласының армрестлинг бойынша Ашық Кубогы жеңімпаздары және жүлдегерлері атанды

    Қарашаның 14 жұлдызы Алматы қаласының 18 жоғары оқу орындарының студенттері қатысқан армрестлинг бойынша Алматы қаласының Ашық Кубогы өз мәресіне жетті.

Спорт клубы

Полиграфистмен кездесу

    «Полиграфия өндірісінің технологиясы және машиналары» кафедрасы «Полиграфия» оқыту бағдарламасы бойынша бітірушілерді жұмысқа орналастыруға байланысты студенттермен магистранттардың жетекші мамандармен кездесуін жиі-жиі өткізеді.

ӨИИ

Қ.И.Сәтбаев атындағы ҚазҰТЗУ студенттері үстел теннисінен жеңімпаз атанды

    Қарашаның 5-7 күндері 16 жоғары оқу орындарының қатысуымен студенттер арасындағы үстел теннисі бойынша Алматы қаласының чемпионаты өтті.

Спорт клубы

Қ.И.Сәтбаев атындағы ҚазҰТЗУ студенті Рахимбаев Даулет XXIIIV Дүниежүзілік қысқы Универсиаданың қатысушысы

    ҚазҰТЗУ -дың 2 курс студенті Рахимбаев Даулет - шаңғы жарысы бойынша Қазақстан және Ресей халықаралық дәрежедегі спорт шебері, 2016 жылғы өткен Қазақстан Республикасының VI қысқы Универсиадасының чемпионы.

Спор клубы

Springer Nature open days

    2016 жылдың 4 қарашасында Ғылыми кітапхана қызметкерлері «Springer Nature open days» атты конференцияға қатысты.

Ғылыми кітапхана

Көңіл айту

    «Қ. И. Сәтбаев атындағы Қазақ Ұлттық техникалық зерттеу Университеті» КЕАҚ-ның басшылығы, Ә. Бүркітбаев атындағы Өнеркәсіптік инженерия институты мен «Стандартизация, сертификация және машина жасау технологиясы» кафедрасының ұжымы 2016 жылы 06 қарашада Almaty towers ғимаратында қайғылы жағдайда мезгілсіз қайтыс болған студенттер Зулпибеков Абылайхан Асанұлы, Тохтамышев Ёкубжон Сабиржановичтың туған-туыстары мен жақындарының қайғысына ортақтасып,көңіл айтады.

Коммерциялық жобалар байқауы

    2 қарашада Ақжан Машани атындағы Базалық білім беру институтының қазақ және орыс тілдері кафедрасының ұйымдастыруымен «Кәсіби орыс тілі» пәні бойынша қазақ топтарының 2-3 курс студенттерінің арасында Коммерциялық жобалар Байқауы өтті.

ББИ

Қ.И. Сәтбаев атындағы ҚазҰТЗУ –да ауыз судың физиологиялық қасиеттері туралы ғылыми семинар өтті

    Гидрогеология және инженерлік геология кафедрасында «Ауыз су және олардың физиологиялық қасиеттері» тақырыбында ғылыми семинар өтті. ҚР минералды ресурстар Академиясының корреспондент-мүшесі, Қазақстанның бірқатар жерасты минералды су кен орындарын алғаш ашушы, белгілі гидрогеолог-ғалым Евгений Пятов семинарға жетекшілік етті.

ГжМГІИ

Болашақ