Жаңалықтар

ҚазҰТЗУ-дың Құрметті профессорлары атанды

    Үстіміздегі жылдың 22 желтоқсаны күні “Қ.И.Сәтбаев атындағы ҚазҰТЗУ” КЕАҚ мен Қазақ–Британ Техникалық университеті АҚ-ның бірлескен Ғылыми кеңесінде ҚазҰТЗУ-дің әр жылы бітірген танымал түлектері Ләззат Қиынов, Тохтархан Қожағапанов және Қрымбек Көшербаевқа Ғылыми кеңестің шешімімен (хаттама №11) ҚазҰТЗУ-дің Құрметті профессоры атағы берілді.

Құттықтаймыз!

    Ақпараттық және телекоммуникациялық технологиялар институты, «Ақпараттық қауіпсіздік» кафедрасының меңгерушісі Сеилова Нургуль Абадуллаевнаны – 2016 жылға арналған ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет нәтижелерін коммерцияландыру жобаларын қаржыландыру туралы республикалық конкурстағы жеңісімен құттықтайды және шығармашылық табыс тілейді!

АжТТИ

Алматыда отандық электроавтобустар және электрлік қуаттандыру орындарымен таныстырды

«Мен Қазақстандықтар түгелімен электромобиль мініп жүрсе екен деп армандаймын... Әсіресе Алматы мен Өскемен секілді ауасы ластанған қалаларды электромобильге ауыстырсақ, біз экологиямызды бірнеше есеге тазалаймыз»
    Қазақстан Республикасының Президенті Н. Ә. Назарбаев

Құрметті әріптестер, докторанттар, магистранттар мен студенттер!

    Сіздерді мемлекеттік ұлы мереке – Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күнімен құттықтаймын!

Құрметпен, ҚазҰТЗУ ректоры Бейсембетов Искандер Қалыбекұлы

ҚР Президентінің жарлығымен Ұлттық ғылым академиясының президенті М. Жұрынов ІІ дәрежелі "Барыс" ордені иегері атанды

    Қ. И. Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық зерттеу университетінің ұжымы "Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылым академиясы" Республикалық қоғамдық бірлестіктің президенті Мұрат Жұрынұлы Жұрыновты ІІ дәрежелі "Барыс" ордені иегері атануымен құттықтайды!

Қазақстан сәулетшілерінің ең таңдаулы туындыларының байқауы

    Ағымдағы жылы 9 желтоқсанда Қ. И. Сәтбаев атындағы ҚазҰТЗУ-да Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына, Қазақстан Сәулетшілер одағының 80 жылдығына, Қазақстанда сәулеттік білім беру саласының 55 жылдығына және Алматы қаласының 1000 жылдығына орай ұйымдастырылған «Сәулеттік шығармалардың республикалық байқауы» болып өтті.

ҚБД

Қ.И. Сәтбаев атындағы ҚазҰТЗУ оқытушылары үкімет марапаттарын алды

    Қ.И. Сәтбаев атындағы ҚазҰТЗУ басшылығы мен ұжымы Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған үкіметтік марапаттар мен мерейтойлық медальдар алған әріптестерін құттықтайды.

ҚазҰТЗУ студенті «Егемен Қазақстан» газетінің «Елдік мұрат» номинациясының иегері атанды

    2016 жылдың қараша айының 29 күні Әл – Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті «Жандану әлемі» қорының қолдауымен, «Жас Отан» жастар қанаты, ҚР Жазушылар Одағы және Алматы қаласы әкімдігі Қазақстан Республикасының Бірінші Президенті күніне және Тәуелсіздіктің 25 – жылдығына арналған «Мен жастарға сенемін!» атты студент жастардың төртінші патриоттық форумы өткізілді.

Рахимдильдаева А.К., Тәрбие және әлеуметтік даму департаментінің бас маманы

Тәуелсіздік мерекесі ҚазҰТЗУ-да аталып өтті

    Биыл еліміздің Тәуелсіздік алғанына 25 жыл толып отыр. Осы айтулы мерекеге орай Қ.И.Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық зерттеу университетінде салтанатты жиын болып өтті.

ҚБД

ҚазҰТЗУ студенттері VIII Республикалық пәндік олимпиадасында III орынды иеленді

    Химиялық инженерия институты Қазақстан Республикасы жоғары оқу орындары студенттерінің VIII Республикалық пәндік олимпиадасында III орын алған «Органикалық заттардың химиялық технологиясы» мамандығының студенттері Темирбек Дамыс, Даулетов Бирлик, Айтбаев Акарыс, Ислам Шолпанды шын жүректен құттықтайды!

«Химиялық технология» кафедрасы

Болашақ